шімге келеді (кодирование, декодирование). Әңгімелесудің ерек-
ше түрі ретінде диалогтық сөйлеуде
хабарлаушылар мэні бір
ізді алмасып отырады, осыған орай біз не жөнінде эңгіме болып
жатқанын түсінеміз.
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат «жүрісі» орындалып қал-
мастан, әңгімелесушілер арасындағы бір біріне деген ықпал да
жасалады, яғни өзара бағыт,
бағдар корсете отырып, олар бір-
бірінің іс-әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Әңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындағы
адамдардың сөз саптау сипаты эртүрлі. Хабарлаушы үшін аппа
рат мағынасы сөйлеуден бұрын келеді, себебі ол алдымен мақсат
қойып, кейін оны сөзбен баламалайды. Ал тындаушы үшін
қабылданатын ақпараттың мэні,
оны сөзге келтірумен бірге
ұғынылады (Я. Яноушек).
Хабарлаушының айтқан ой мағынасының тыңдаушыға түсі-
ікті болғандығы тындаушы хабарлаушы мэтініне еніп, өз сөзі-
мен қабылданған ақпараттың түсінікті екендігі жайлы белгі
бергенде ғана айқындалады.
Ортақтасудың мазмұндылығы
оның барысындағы әңгі-
мелесушілердің бір-біріне ықпал жасауынан көрінеді. Ал бұл
өзара ықпал жасау үдерісін айқын түсіну үшін ортақтасу
әрекетінің қүрьшымын ғана біліп кою жеткіліксіз,
бұл орайда
әңгімелесуге негіз болған сеп-түрткілер, ортақтасу мақсаттары
мен ниеттерін де талдай тану үлкен маңызға ие. Бүл үшін
ортақтасу барысында сөз бен сойлеуден тыс қолданылатын бел-
гілерді ажырата алған жөн. Сөзбаян қаншалықты әмбебап бол-
ғанымен, оның толық мэні ортақтасу әрекет жүйесінің
сөзден
тыс ишара белгілермен толықтырылғанда ғана ашылады. Осы-
дан вербалды емес (сөзден тыс) хабарласу мәселесі туындайды.
Вербалды емес қатынаста ең алдымен көру — қозғалыс
жүйесіне байланысты өз ішіне ым, ишара, пантомима ж. т. б.
секілді белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерінің
(бет, бас, қол ұшы, иық ж. т. б.) жалпы қозғалысқа келуі адам-
ның көңіл-күй көрінісін беріп, екеу
ара әңгіме-сұхбатқа көр-
кем-көріктік нэр береді. Ал бұл ишара белгілер эртүрлі мәде-
ниет иелерінде, яғни эртүрлі ұлт өкілдеріде бірдей емес. Мы-
салы, қазақ келіспесе басын шайқайды, ал болгарлар — ба-
сын изейтін көрінеді.
Вербалды ортақтасуға «қосымша» ретінде паралингвисти-
калық жэне экстралингвистикалык белгілер жүйесі де қод-
данылады.
Достарыңызбен бөлісу: