3.6. Ж огары дең гей дегі т ұлгалы ң сезімдер Адам жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға эсерленіп қана
қоймай, оның құпияларын танып білуге ұмтылуында. Мұндай
әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы эрекетін,
эстетикалық талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін
сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі
сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық жэне мораль-
дык-адамгершілік түрлері бар.
А қ ы л-ой (интеллект) сезімі адамның таным эрекетімен бай
ланысты. Сезімнің бұл түрі — балалардың оқып-үйреніп білім
алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге
деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген
ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Тандану кісіні
эрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мэн-жайын жан-жақты
танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық
эрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан
бастап, теориялық түжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды
тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып, тексереді. Ақи-
қаттығы айқындалған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар
туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа
қалайда қол жеткізетініне деген сенім сезімі пайда болады. Се-
нім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі —
адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушьшық маңызы
зор көңіл-күй.