Психология



Pdf көрінісі
бет280/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   322
Э м оция 
(сезім шарпуы) — сезімнің тікелей қатынастағы 
уақытша көрінісі. Мысалы, сахнадағы айтыскер ақывдардың бір 
ауыз тапқыр сөзіне бола, көрермендердің бір мезет дүрілдете 
қол соғып, қошемет айқай салуы.
Іс-эрекетке ыкпал жасау тұрғысынан эмоциялар 
стеникалъщ
жэне астеникалыц
болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адам- 
ға қуат беріп, іс- әрекетке ынталандырады. Бұл жағдайда адам 
«тау қопаруға» дайын тұрады. Керісінше, кейде толғаныстан 
адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады — бұл асте- 
никалық эмоция көрінісі. Осыдан, жағдайға, дара ерекшеліктерге 
орай эмоция адам қылығана эртүрлі ықпал жасауы мүмкін. 
Мысалы, қорқыныш сезімінің еаналы болуынан адам өзін жи- 
нақтап, қатерге қарсы шабуылға шығады. Ал сол қорқыныш 
адамды шідерлеп, «тізесі қалтырайтын» дэрежеге де келтіреді.
Қуаныш — орындалуы күмэнді болын тұрған кажеттіліктіц 
толык қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды 
сезімдік күй.
Т аңдану 
— күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын 
эмоциялық белгі. Тандану бүрыннан бар сезімдерді тежейді. 
Осыдан зейін толығымен таңдануға себеп болған нысанға ауы- 
сады, кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қ асірет 
— алғашында азда болса сенім күттірген маңызды 
өмір қажеттігінің орындалмауы не оның орындалмайтыны жө- 
нінде ақпарат алудан болатын жағымсыз эмоциялық күй.
Қ аһар 
— субъектте өте маңызды қажеттіктің күшті кедергіге 
ұшырап, орындалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына бай­
ланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін ұнамсыз қалып.
Ж иіркену 
— тікелей қатынаста болған нысандардың (затгар, 
адамдар, қүбылыстар, оқиғалар ж. т. б.) түлға идеологиясына, 
адамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама- 
қарсылықты болуынан туындайтын үнамсыз сезім түрі.


Ж ек кѳру 
— адам аралық қатынастарда субъекттің көзқарас, 
өмірлік салты мен сезім нысаны қылықтарының бір-біріне сәй- 
кес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл-күй.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет