Психология



Pdf көрінісі
бет276/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   322
3.2. Сезім ерекшеліктері
Адам сезімі дара тұлғалык қасиет, осыған орай эр адам нақ- 
ты жатдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, 
екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Аш 
адам мен тоқ адамның бір тағамға болтан эр түрлі қатынасы 
осыдан. Еске түскен заттар не оқигалардың да багамының бір- 
дей болмауы да осы себеппен түсіндіріледі: әдетте, қуанышты 
жагдайларда араласқан нысандар (адам, зат, оқига) жылы се- 
зіммен еске алынады. Әрқандай сезім жеке тұлганың мэнді си- 
патын білдіреді.


Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана біл- 
діріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. 
Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы бо- 
лады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнін субъектив эле- 
ментін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз баланысты. Субъект 
қажеттігі жэне сол қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған 
ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі 
— қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа, айрықша мән 
қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-түрткісіне айнал- 
дырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін 
аса қажетсіну жэне оған сай заттар қолда б олуы керек. Көңіл- 
күй серпінісі қажеттікпен үйлесе келе, іс-эрекеттің бастауын 
береді, оған ынталандырады жэне бағыт-бағдарлы жетекшісіне 
айналады. Осылайша, мұндай сезімдер іс- әрекетпен сәйкес- 
тікке түседі (релевантный). Бұл эмоциялар психологияда 
же-
текші ниеттер
деп аталған (В.Х. Вилюнас).
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына — жетекші ниет, 
яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын 
сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді не 
кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза), жеткен нэтижелерге 
(қуаныш, өкініш) немесе қалыптасқан не мүмкін болар жағ- 
дайларға (қатерлену, сенімді болу) субъекттің қатынасын сипат- 
тайды. Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге 
негізделгенінен 
әдейі
немесе 
ырыңты
деп аталады. Осыдан, 
көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір түрлі сезім 
туындатса, енді сол кедергі жаудан құтылуда пайдалы болуымен 
екінші бір сезім пайда болады, яғни ырықгы сезімдер нақты 
жағдайға, сол сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мэн алады.
Сонымен, сезім екі себептен пайда болады, біріншісі — 
адамның объектке қатынасын айқындайтын 
қажеттіктер:
екін- 
шісі — адамның осы нысанның тиісті қасиеттерін түсініп, оны 
санада 
бейнелеу цабілеті.
Объектив жэне субъектив жағдайлар- 
дың өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы 
баға беруімен қатар жеке көңіл күй кейпінің себептері ашылады.
Сезімдердің өзіндік ерекшелігі олардың 
қарама-қарсылықтьі
(полярлы) сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым эсер-


ленуге де (рахаттану-қысылу), сондай-ақ күрделі толғаныстарға 
да (ұнату-жеккөру, қуаныш-мүң, көңілді-қайғылы, т. б.) тэн.
Сезімдерге ғана сәйкес аса маңызды сипат — олардың бірі- 
гімді 
(интегралды)
келуі. Сезім бүкіл денені билеп, адам кей- 
пін ерекше эсерге бөлейді. Барша дене кызметтерінің басын бір 
сәтте біріктірумен (интегрировать) сезім өздігінен ағзаға пайда- 
лы не зиян әсердің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал 
эсер орны мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та 
санаға жетуі мүмкін.
Сезімдердің жэне бір маңызды ерекшелігі — олардың 
дене-
дегі тіршілік әрекеттермен
тікелей байланыста болуы. Сезім 
ықпалынан адамның ішкі тэн қызметі өзгеріске туседі: қан ай- 
налымы, дем алые, ас қорыту, ішкі жэне сыртқы секреция без- 
дері. Шектен тыс ұзақ уақыт жэне қарқынды болған көңіл-күй 
толғаныстары ағзаны сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш — 
жүрек ауруларына соқгырып, ашу — бауырды, жабырқау мен мұң 
— асказанды бұзады (М.И. Аствацатуров).
Сезімдер 
тарихи-әлеуметтік
негізге ие. Олар эртүрлі халық- 
тарда, эртүрлі кезендерде мән-мағынасы мен көріну формасын 
ауыстырып отырған. Қоғам дамуымен сезімдер де өзгеріп бара- 
ды. Түрлі дэуірде өмір сүрген адамдардың ұқсас, тіпті бір текті 
заттың өзіне жасаған қатынасы бірін бірі қайталамайды. Сезім 
ұдайы қозгалыста болып, тұрақты жэне ауыспалы элементтер- 
дің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісіңце, бір 
жағынан — бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: 
пайда болу
— 
әрбу
— 
шыңына жету
— 
сөну,
екінші жағынан — 
эртүрлі толғаныстар түйдегінен түзілген ұзақ мерзімді сезімдер 
кұрылымын айыруға болады. Барша сезімдер жүйесінің өлшемі 
бірі біріне қайшы келген екі бағытта беріледі (В. Вундт): сүй- 
сіну-жиіркену, қозу-тыншу, көңілдену-мұңаю, т. б.
Егер сүйсіну не жек көру сезімі көп жағдайда заттың өзін- 
дік ерекшеліктеріне, олардың адам өміріндегі маңызына немесе 
нақты бір жағдай мэніне орай туындаса, одан болатын қозудың 
дәрежесі сол сезімнің өзімен шарттас келеді. Мысалы, қаһар- 
дүлей қызбалық формасында көрініс берсе, керсінше, қанағат- 
тану — адамның сабырлы, байсалды күйінен білінеді.


Көп түрлілігі мен күрделі болуынан сезімдерді жете танып, 
қалтқысыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезіміңді сурет- 
теп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмауда байқалады: қолдан- 
ған сөздердің мәні бұлыңғыр, көңіл-күй қалпына сәйкес бол- 
май шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет