Психология



Pdf көрінісі
бет275/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   322
3. СЕЗІМ п си хол оги я сы
1. Сезім жөнінде түсінік. 2. Сезім ерекшеліктері. 3. Сезім
қызметтері. 4. Сезім негіздері. 5. Сезім түрлері.
3.1. Сезім жөнінде түсінік
Қоршаған ортада кезіккендердің бэрі адамда оларға деген 
қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олар- 
дың бірі ұнап— қуантса, екіншісі— қапаландырып, жеккөрушілік 
тудырады. Сезім түрі сан-алуан. Төңіректегі нысандардың жеке 
қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне 
себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, 
дэмі татымсыз жэне т. б. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиға- 
лары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте 
кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану 
мен жеркену. Мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. 
Сезім
— 
бүл адамның коршаган болмыс заттары және қүбы-
лыстармен цатынас жасауынан көрініс беретін толганыс,
күйзелістері
Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. 
Толғаныссыз өмір — өшкен өмір. ¥лы гұлама А. Науаи «Сезімсіз 
адам — кесек, махаббатсыз адам — есек», — деген екен. Көп 
сезімдерге адамның өзі кұштар. Егер сол сезімдер қандай да 
себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға» ке- 
ліп, оның орнын толтыру үшін эн-күй тындайды, әсерлі фильм- 
дер көреді не қым-қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің тэр- 
кінін ашумен айналысуда. ХѴІІІ-ХІХ ғасырларда бұл сұрақ тө- 
ңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен 
интеллек­
ту алдыц
теория бағыты кең эріс алды. Бұл бағыт мэні — адам- 
дағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық кұ- 
былыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологы 
Гербарттың
ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге- 
тасы елестер деп саналды. Бүл теорияға орай сезім-елестер 
арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап 
ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның бей- 
несін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негі-


зінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге, не жалпы қасіретті 
күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы 
В. Вундт
та осы бағытты қолдады, бірақ 
оның тұжырымдары 
эклектикті.
яғни эртүрлі психологиялық 
қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға 
негізделген еді. Оның пікірінше эмоция — бұл алдымен сезім- 
нің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адам- 
ның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің се- 
зімге әсері, ал органикалық үдерістер — эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы 
У Джемстің
1884 ж. 
жарияланған «Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталды. 
У. Джеме
жэне бұған байланыссыз 
Г Ланге
пайымдаған тео­
рия бойынша: сезімнің туындау себебі — сыртқы ырықты қоз- 
ғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстары- 
нан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден 
туыңдайтын адам әсерлерінің бэрі — эмоциялық күйді таны- 
тады. «Біздің қайғыруымыз — жылағанымыздан; қорқуымыз — 
қалтырауымыздан; қуанғанымыз — күлгенімізден» (У. Джемс). 
Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (периферия- 
лық) органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер 
себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің 
қарадүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға 
тән эрекеттерді эдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін 
басуға болады-мыс. Джемс-Ланге түжырымы бірқанша қарсы 
көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У. Кеннон: эртүрлі 
сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұқсас, 
сондықтан олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне 
сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын 
изейді, ал болгар— бас шайқайды; африканың бір тайпа өкіл- 
дері сүйген адамының бетіне түкіретін көрінеді, ал казақка 
бүйтіп көр... Сонымен бірге, адамныц эдейі істеген жасанды 
эрекеттері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, 
жағдайға орай «модамыз» шығып, сіресе бағып, соңына шыдай 
алмай, күліп жіберетініміз осыдан.
Психологгардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып айма- 
ғынан шығарып, дененің эсер еткен жағдайға, оқиғаға болған 
жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді.


Мұндай түсінік 
Ч. Дарвин
еңбектерінде де берілген. Эмо- 
циялық эрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен кажет, 
мысалы, жануар қаһары жауын қоркыту үшін керек, немесе 
олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде ка­
жет болтан әрекеттердің нэсілден нәсілге ауысып келе жатқан 
қалдығы (рудимент). Мысалы, алақанның қорқыныштан дым- 
қылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға 
қауіп-қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрде- 
мін тигізген. Кейін бұл теорияны 
Э. Клапаред
жалғастырды. 
Ол «қандай да бір сезімнің туындауы — адамның кезіккен 
жағдайға икемделе алмауынан (адаптация). Егер адам қашып, 
құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді» — 
деп жазады. Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім та- 
биғатын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байла- 
ныстырады. Олар ішінде Л. Фестингердің 
сана үйлесімсіздігі
(когнитивный диссонанс) 
теориясы
өз алдына. Бұл көзқарас- 
тың мэні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық 
қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоция- 
сына түседі, яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жа- 
ғымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты нэтижесі 
мен көзделген ниет өзара сэйкес келсе, адамда жағымды сезім 
туады. Ақыл-ой үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар: 
1)өзниетіңді шындыққа сэйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатын- 
дай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру. Сонымен, когнитивтік 
теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, кылықтарының 
негізгі себепшісі ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет