Психология



Pdf көрінісі
бет277/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   322
3.3. Сезім қ ы т е т т е р і
Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму та- 
рихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді 
атқаратын болды.
Сезімнің 
бейнелеу кызметі
оқиғаларға жалпыланған баға 
беруде көрінеді. Көңіл-күйдің бүкіл ағзаны билеуінен, сезім 
арқылы біз қандай да әсердің пайдалы не зиянды екенін оның 
салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей түрып-ақ байқап, 
жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы, жолды кесіп, өтіп 
бара жатқан жолаушы көшедегі көлік қозғалысын барластыру- 
мен эртүрлі деңгейдегі қорқыныш сезімінде болуы мүмкін. 
Оқиғалардың эмоционалдық бағамы адамның дара толғаныс 
қабілетінің негізінде берілуі ықтимал, бірақ мұндай сезімдік 
нәтиже көбіне өнер туындылары мен көпшілік ақпарат құрал- 
дары, т. б. арқылы басқа адамдармен қатынас жасау барысындағы 
көңіл-күй ортақтастығынан қалыптасады. Сезімнің бейнелеу 
қызметіне орай адам қоршаған ортада бағыт-бағдар топшылай- 
ды, заттар мен құбылыстарға қажеттігіне қарай баға береді. Бүл 
түрғыдан сезім ақпарат алды немесе хабар жеткізу міндетін 
атқарады. Денеде пайда болған күйзеліс не көңіл-күй жайсыз- 
дығы адам қажеттіктерінің қалайынша қанағаттандырылып 
жатқаны, кезігетін кедергілердің сипаты туралы, ен алдымен 
неге назар аударылуы қажет екендігі жөнінде субъектке ақпарат 
жеткізеді.
Сезімнің ақпараттық не бейнелеу мүмкіндігі ниеттеу немесе 
ынталандыру қызметімен тікелей байланысты. Мысалы, жо­
лаушы алдына жақындап қалған транспортты көре, қауіп тө- 
нгенінен, қадамын жеделдете түседі. Затқа не одан кері ба- 
ғытталған қүмарлык, тілек, ұмтылыс эмоцияның өзіне тэн, 
одан ажыралмас, бірлікті қүбылыстар (С.Л. Рубинштейн). Алда 
тұрған мәселенің шешілу жолына бағыт беретін де осы сезім- 
дер. Көңіл-күй толғанысы мазмұнында қажеттіктің қанағат-


тандырылуы үшін керек заттың бейнесі көрініп, содан заттың 
өзіне деген әуесқойлық пайда болып, ол өз кезегінде адамды 
эрекетті орындауға ниеттейді, ынталандырады.
Оқу-үйретім үдерісіне тікелей қатысына байланысты сезім 
цуаттау, цолдау
қызметін де атқарады. Күшті эмоционалды 
көңіл-күйге себепші болған оқиғалар шэкірт санасында жеңіл 
қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сәтсіздік 
сезімдері баланың үйренуге болған ынтасына күш, куат беріп 
не оны тіпті өшіріп жіберуі мүмкін.
Белгілі сәтте маңыздылау қажеттікті тандау барысында сол 
қажеттілікке негіз болар көп сеп-түрткілердің таласы туындай- 
ды. Осы жағдайда сезімнің 
ауысу қызметі
іске қосылып, сезім- 
дік күй адамды қандай да талғамға бағыттайды. Мысалы, адам 
өзінің тума жан сақтау ниеті мен қоғамда қабылдаған әлеумет- 
тік талаптар арасындағы қарама-қарсылықты жеңе алмай, 
күйзеліске түсетіні белгілі, яғни қандай да эрекетті істейін десе 
— өз тіршілігіне зиян, істемесе — ұят, көпшіліктің сынына ұшы- 
райды. Осындай корқыныш жэне борыш, қорқыныш жэне ұят 
тайталасында сезім мәнін, оның ез талғам-талабына сай келу, 
келмеуін барластырумен адам көздеген іс-эрекетін сол сәттегі 
қажетті арнаға ауыстырады.
Жоғарьвда аталған сезім қызметімен сыбайлас эмоцияның 
икемдесу цызметін
да атап өткен жон. Ч. Дарвиннің пікірінше, 
сезімдер тіршілік иелерінің өз қажеттігіне орай келген жағ- 
дайларды анықтау қүралы ретінде пайда болған. Дер кезінде 
ағзада пайда болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икем- 
делу мүмкіндігіне келген.
Сезімнің 
коммуникативтік
(ақпарат алмасу) қызметі де адам 
өмірінде үлкен маңызға ие. Ым-ишара, дене қозғалыстары 
сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта 
затгары мен қүбылыстары жөніндегі өз қатынас-талғамын 
басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізетіні белгілі. Ым-ишара, қас- 
қабақ қимылдары, дене қалпы, үн ырғағы — бэрі де сезім «ті- 
лі» болуымен, адам ойынан гөрі, оның көңіл-күй кейпін айқын- 
дау танытады. Зерттеулер дәлелденгендей, сезімдердің бэрі 
бірдей анық таныла бермейді. Мысалы, өте айқын білінетін — 
үрей (сыналғандардың — 57%), одан кейін — жиіркеніш (48%), 
соңында — тандану (34%).


Коммуникативтік қызмет аймағында сезім арқылы адам өзін 
қоршаған сыртқы ортаға не ішкі жан дүниесіне 
ъщпал жасау
қабілетіне ие. Мысалы, элі есейе қоймаған сэби шалкалап жыла- 
уымен ата-анасын өз дегеніне көндіретінін сезе қояды да, бұдан 
былай осы әдісті жиі қолданып, мүддесіне жетуді әдетке айнал- 
дырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет