4.3. Темперамент т үрлері Сонымен, темперамент — бұл адамның әрекетінің динами-
касын айқындайтын дара қасиеттердің жиынтығы. Ал қасиеттер
іс-әрекеттің барша түрінде мазмүн, мақсат, сеп-түрткілерге
тэуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзге-
ріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа
келумен белгілі темперамент тииіне негіз болады. Темперамент
типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-
кылыкта тана емес, сонымен бірге барлық психикалық құ-
былыстар да: сезімде, ниет пен эрекетте, ақыл-ой жұмысында,
ортақтасу ерекшеліктерінде жэне т. б. байқалады.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темпе
рамент типтерінің бэріне толық психологиялық сипаттама бе-
руге негіз боларықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі
қабылданған темпераменттің торт (сангвиник, холерик, флегма
тик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін кө-
біне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда: