Психология



Pdf көрінісі
бет129/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   322
Зейінніц ауысуы 
зейіннің бір объективнан екіншісіне саналы 
және байыпты өтуін білдіреді. Зейіннің ауысу қасиетінен біз 
қоршаған ортаның өзгермелі, күрделі жағдайында жылдам ба- 
ғыт-бағдар тауып отыру мүмкіндігіне иеміз. Зейін ауыстырудың 
жеңіл не қиын болуы әр адамға әртүрлі болып, белгілі шарттарға 
келеді (алдыңғы әрекет пен кейінгі әрекеттің ара байланысы
олардың әрқайсысына болған субъекттің қатынасы). Орында- 
латын қызмет неғұрлым қызықты болса, оған зейіннін ауысуы 
да оңай, ал іске көңіл соқпаса, оған ден қою да жеңіл соқпайды. 
Зейіннің ауыспалылығы саналы, көп қайталанған жаттығуды 
талап ететін қасиеттердің қатарына жатады.
Зейін көлемі 
— ерекше құбылыс. Адам бір уақытта эртүрлі 
заттар жөнінде теңдей ойлап, әрқилы жұмысгарды орындауы 
мүмкін емес. Осыдан сырттан келіп жатқан акдараттарды адам 
өзінің өндеу мүмкіндіктеріне орай топтап, жіктейді. Сондай-ақ, 
адамның бір уақытта өзара байланысы жоқ бірнеше объектив- 
терді қабылдау мүмкіндігі де шектеулі. Осы шектер арасын 
танып, қабылдауы — адам зейінінің көлемін білдіреді.
Зейін көлемін зерттеу үшін адамға бір уақыпта талдануы 
қажет бір топ элементтер ұсынылып (сан, эріп т. б.), солардың 
ішінен саналы есте қалғаны есептеледі. Мүндай есепті жүргізу 
үшін 
тахитоскоп 
аппараты қолданылады.
Зейін көлемі өзгермелі құбылыс. Зейін аймағына түсетін 
элементтер саны олардың мазмұндық біртұтастығына жэне олар 
арасындағы байланыстарды саналы түсінуге келеді. Осыдан, 
педагогикалық қызметте тэлімдік материалды жүйелестіруге 
мэн аударып, шэкірттер зейінінің көлеміне нұқсан келтірмеуді 
* ойластырған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет