Психология


Зейіннің негізгі қасиеттері



Pdf көрінісі
бет127/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   322
1.4. Зейіннің негізгі қасиеттері
Айтқанымыздай, зейін сананың белгілі объективімен бай- 
ланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытгалу 
ерекшеліктері зейін қасиеттерін айқындайды. Бұл қасиеттер 
тобына зейіннің тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы 
жэне көлемі кіреді. 
Түрақтылық 
— зейіннің уақыт аралығына 
байланысты сипаты болып, оның белгілі бір объективке көзделу 
мерзімінің ұзақтығын аңдатады. Түрақтылық — перифериялық 
(шеткі) және орталық жүйке жағдаяттарына тәуелді. Экспе- 
рименттік зерттеулерге қарағанда, зейін белгілі уақыт аралы- 
ғында қайталанып отыратын ырықсыз тербеліс сипатында 
болады. Бұл тербелістердің уақыт ұзақтығы 2-3 секундтен 12 
секундқа дейін созылуы мүмкін (Н. Ланге). Мысалы, сагат 
тықылына зейін қоятын болсақ, бірде ол тықыл естіліп, бірде 
байқалмайтынын сеземіз. Ал күрделі объективтерге назар 
аударсақ, ондағы тербелістер басқаша заттың кейде бір бөлігі
екіншіде басқа бөлігі бейне түрінде елестейді. Бірақ ескеретін


жайт: шын мәнінде, зейіннің өте қысқа уақыт аралығындағы 
майда тербелістері жалпыланған заңдылық сипатына ие емес. 
Бір жағдайда зейін жиі, ауыспалы қысқа тербелістерге келетін 
болса, ендігі бір жағдайларда ұзақ мерзімді гұрақттлығымен 
сипатталады.
Қазіргі күнде дэлелденгендей, зейін тұрақтылығының ең бір 
мэнді шарты назардағы объективтің жаңа тараптары мен 
байланыстарының ашылу мүмкіндігінің болуы. Алға қойылған 
мақсатқа орай зат көзге алынып, оның бөліктерінін өзара бай- 
ланыстары мен бір-біріне кірігулерінің жаңа қырларын аша- 
тын болсақ, зейін ұзақ уақыт өзінің тұрақтылығын жоғалт- 
пайды. Ал назарға алынған заттың мазмұны одан эрі зерттеуде 
өзінің жаңа ерекшеліктерін таныту мүмкіндігіне ие болмаса, 
зейін күйзеліске келіп, алаңцауға түседі. Басқаша айтсақ, кандай 
да бір объективке бағытталған зейіннің тұрақты болуы сана- 
ның қозғалысты қалпына байланысты. Көздеген объективіміз 
дамуда болып, өзінің жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажетті.
Егер де зейін барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрініс 
тапса, онда қандай да ақыл-ой жұмысы болуы мүмкін емес. 
Кезегінде, затты тануға ақыл-ой эрекеті қосылса, зейін тұрақ- 
тылығы күшейе түседі. Сонымен бірге, зейін тұрақтылығы 
бірталай жағдайларға байланысты болып келеді. Олардың 
ішіңде: материал ерекшелігі, оның қиындық деңгейі, бұрыннан 
таныс, не белгісіз болуы, түсініктілігі, субьекттің оған деген 
ңатынасы, сондай-ақ зерттеуші-үйренушінің даралық қасиеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет