Психология



Pdf көрінісі
бет135/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   322
сезімдік-кабылдау 
(сенсорно-перцептивный) деңгейін құ- 
райды. Бүл деңгейде эңгіме біздің сезім мүшелерімізге заттар мен 
құбылыстардың тікелей эсер етуінен пайда болатын бейнелер 
жөнінде болуы мүмкін.
2.2. Түйсік түсінігі
Қоршаған орта мен өз тэніміз жөніндегі біліктердің негізгі 
көзі біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы 
жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дү-


ние ортасы мен ѳз тэніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қа- 
жетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық бо- 
лып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, 
ешқандай саналы өмір жөнінде эңгіме ету мүмкін болмас еді. 
Деректерден белгілі болғандай, түрақты ақпарат көзінен айрыл- 
ған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенет- 
тен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі 
қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл 
кейіпте адам алғашқыда ұйқы кұрсауына шырмалып, кейін 
төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта 
керендік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адам- 
ның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып 
туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған 
субъектті арнайы тэлімге тартып, кемістіктердің орнын толты- 
рудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық 
дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет