ние ортасы мен ѳз тэніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қа-
жетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық бо-
лып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда,
ешқандай саналы өмір жөнінде эңгіме ету мүмкін болмас еді.
Деректерден белгілі болғандай, түрақты ақпарат көзінен айрыл-
ған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенет-
тен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі
қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл
кейіпте адам алғашқыда ұйқы кұрсауына шырмалып, кейін
төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта
керендік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адам-
ның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып
туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған
субъектті арнайы тэлімге тартып, кемістіктердің орнын толты-
рудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық
дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: