2.1. Түйсік пен қабылдау арақатынасы Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан
құбылыстары. Бұлардың екеуі де біздің санамыздан тәуелсіз
жасап, түйсік мүшелеріміздің әсерленуінен туындайтын қорша-
ған дүние шындығының сезімдік бейнесі. Бұл тараптан түйсік
пен қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ
қабылдау — нақты затты
немесе құбылысты сезімдік тануға негізделеді, қабылдауда біз
көз алдымызға белгілі мағынаға толы адамдар, заттар, құбылыс-
тар әлемін келтіреміз жэне олардың бэрінің де өзара күрделі,
әрқилы қатынастарға түскенін байқап, білеміз. Осы қатынастар
арқасында куәсі мен қатысушысы өзіміз болған мэнді де маңыз-
ды жағдайлар (ситуация) түзіледі. Ал
түйсік болса — қоршаған
орта әсерінен болатын, бірақ толық жетілмеген, нақты заттық
кейіпке келмеген жеке сезімдік қасиеттердің бейнеленуі. Бұл
түрғыдан түйсік пен қабылдау сананың екі эртүрлі формалары
немесе заттық дүниеге деген екі бір-біріне үқсамаған қатынас-
тарын білдіреді. Осыдан, түйсік пен қабылдау өзара бірлікте де,
сондай-ақ өзіндік ерекшеліктеріне ие. Олар психикалық бейнелеу-
дің