Зейіннің аландаушылығы — бұл зейіннің бір объективтен
екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да іспен
шұғылданып отырған адамға тыс тітіркендіргіш эсерлердің
ықпал етуінен туындайды. Аландау сыртқы жэне ішкі болып
белінеді.
Сыртқы аландаушылык — субъектке тысқы, қоршаған
орта жағдайларының эсер етіп, ырықты зейіннін ырықсыз
зейінге ауысуынан болады. Әсіресе, адамды алаңдататын жағ-
дайлар — заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып,
күшті өзгермелі эрі жедел эсер етуіне байланысты. Сондықтан
шәкірттердің сабақ дайындау барысында оларды негізгі ісінен
алаңдататын заттар мен әсерлерді болдырмауға тырысу қажет.
Зейіннін
ішкі алаңдауы көңіл-күй, толғаныс нәтижесіде туын
дайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезін-
беуден келіп шығады, Шэкірт өзінің оқу-үйренім жұмысымен
байыпты эрі тиімді шұғылдануы үшін оның болмысындағы
сабақтан алаңдататын көңіл күйзелістерін (ашу, ыза, қорқу ж.
т. б.) басып отыру керек. Сонымен бірге балаларда алаң-
даушылықты кеміту үшің олардағы білімге, оны игеруге деген
ұмтылыс пен қызығушылықты тәрбиелеп бару өте маңызды
қызмет.