Психология



Pdf көрінісі
бет128/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   322
Зейіннін шоғырлануы 
оның белгілі бір объективке 
бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық 
немесе саналы іс-эрекеттің толығымен қажетті нүктеге жетуі. 
Зейіннің шоғырлануы ми қабығындағы қозу ошағының доми- 
нанттық қызметімен тікелей байланысты (Н.А. Ухтомский). 
Дэлірек айтсақ, шоғырлану объективті ошақтағы қозудың жэне 
сонымен бір уақытта жүретін бас ми қабығындағы басқа 
аймақтардың тежелуінің салдарынан келіп шығады.
Зейіннін бөлінуі 
деп адамның өз зейінінің ауқымында бір 
уақытта бірнеше эртүрлі обьективтерде ұстай алу қабілетін 
түсінеміз. Осы қабілетіне орай эр адам бір мезгілде бірнеше 
әрекеттерді өз зейінінде ұстап, орындау мүмкіндігіне ие. Мы-


салы, эйгілі Юлий Цезарь бір уақытга өзара байланыспаған жеті 
іспен шүғылдана алады екен. Ал Наполеон өз көмекшілеріне 
бір уақыт ішінде жеті ресми құжат бойынша көрсетпе беріп
жаздыратын қабілетке ие болыпты. Бірақ өмір тәжірибесі көр- 
сеткендей, адам тек қана бір істі, кейде екі істі саналы орын- 
дау мүмкіндігіне ие. Бұл жағдайда орындалып жатқан жұ- 
мыстың бірі саналы зейінді талап етпейтіндей, автомат- 
тандырылған дәрежеде болуы қажет. Егер бұл шарт сақталмаса, 
іс-эрекеттерді біріктіріп орындау мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет