Психология



Pdf көрінісі
бет126/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   322
Ч. Шер-
рингтон 
ғылыми дәлелдеп, кейін И.П. Павлов кең қолданған 
жүйке үдерістерінің 
индукция заңы 
үлкен маңызға ие. Бұл 
заңға орай бас ми қабығының бір аймағында туындаған қозу 
оның басқа бөліктерінде тежелу пайда етеді (бір мезгілді ин­
дукция) немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады 
(бірізді индукция), себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің 
сол қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді, сондықтан да 
бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталады, жаңа шартты бай- 
ланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте — үлкен ми 
сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал 
мидың басқа бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның 
астарсаналы немесе автоматтандырылған әрекетімен байланы- 
сып жатады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда 
доминанта
қағидаты (А.А. Ухтомский) де жетекші мэнге ие. «Доминанта» 
түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне 
ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа 
бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның 
ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп түрған 
импульстер бірігеді эрі жинақталады, сонымен бірге басқа 
орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының эрекеті 
күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітір-


кендіргіштің күші ғана емес, бұрын болған әсерлердің жэне 
жүйке байланыстарының өткен тәжірибеден қалыптасқан 
іздері де негіз бола алады.
Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта 
жөніндегі теория да динамикадағы зейін құбылысын, әсіресе, 
оның ырықты сипатын толык ашып бере алмайды. Оның себебі 
адамдарда жануарларға тэн болмаған өз зейінін мақсат баг- 
дарлы басқара алу кабілетінің болуында. Мақсат қою мен оны 
нақтылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады жэне ауы- 
сып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бірінші 
жэне екінші сигналдық жүйкелердің өзара ықпалды байланы- 
сымен түсіндірген жөн, себебі қозу тілдік (екінші) сигналдың 
таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді. Өз 
кезегінде, алгашқы тітіркендіргіштер сөздік баламаға келіп, мақ- 
сатты нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан эрі 
күш алуына көмектеседі.
Сонымен, зейін табиғаты өзара бір-біріне байланыста болған 
ми құрылымньщ біртұгас жүйесінің іс-эрекетімен байланысты, 
бірақ олардың зейін түрлерін реттеудегі мэні бірқалыпты емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет