Психология



Pdf көрінісі
бет122/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   322
жалпы бағыт-
багдарына байланысты. 
Міне осыдан, көше бойлап келе жатып, 
аула тазалаушының назары қоқысқа түседі, тэртіп сақшысы — 
орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал архитектор не суретші 
— ежелгі ғимараттың сэніне сүйсінеді. Адамның бағыт-бағдары 
сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан 
сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің аса маңыз- 
ды себептері, сонымен, бізді қызықтырып, көңіл-күй кейпі- 
мізді өзгеріске түсіретін заттар, жағдайлар, кұбылыстар.
Ырықты зейіннің 
ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның са- 
налы мақсатқа негізделуі. Зейіннің бүл түрі адам еркімен тығыз 
байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтиже- 
сінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, бел- 
сенді, ниеттелген деп те сипатталады. Қаңдай да бір шешімді 
қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол 
мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға 
өзімізді мәжбүрлейміз. Ырықты зейіннің басты қызметі — пси- 
хикалық үдеріс ағымын белсенді түрде реттеп бару.
Ырықты зейін себептері биологиялық емес, әлеуметтік: ол 
тәнмен бірге берілмейді, сэбидің ересектермен қатынасқа келу 
барысында қалыптасады. Л.С. 
Выготский 
зерттеулері анық- 
тағандай, зейін қызметі алғашкы даму кезеңінде бала мен ересек 
адам арасында бөлінген: ересек қоршаған ортадан объективды 
бөле көрсетіп, оны сөзбен баламалайды, ал бала ым, ишараны 
байқаумен, затты танып, не сөзді қайталап, сигналға жауап 
қайырады. Осылайынша, қажетті затты бала тысқы өрістен 
бөліп алады. Кейін жас бала өз бетінше мақсат қоюға үйренеді, 
Ырықты зейін дамуы сөз, сөйлеумен тікелей байланысты.


Баладағы ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда оның өз 
қылық-әрекетін үлкендердің ауызша нұсқауларына бағынды- 
руына, ал содан соң, тіл қабілетінің артуымен өз әрекетін өзі- 
нің ауызша талаптарына көндіруге байланысты.
Сапалық жағынан ырықсыз зейіннен үлкен айырмашылығы 
болғанымен, ырықты зейін де адам сезімдері, қызығулары жэне 
бұрынгы тәжірибесімен орайлас келеді. Бірақ бұл құбылыс- 
тардың ырықты зейін кезіндегі эсері тікелей емес, жанама, яғни 
ортаға саналы белгіленген мақсат енеді. Енді зейін тікелей 
әрекетке аударылмай, оның мақсаттық мэні мен кейінгі нәтиже- 
сіне бұрьшады. Ал іс-әрекет болса, өздігінен емес, оның осы 
мақсат жолында қажеттілігінен ғана адамды қызықтырады.
Ғалым-психологгардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат 
бағдарлы, бастапқы еріктік күш салуды талап ететін зейіннің 
жэне бір түрін айырып қарастырады. Бұл зейін түрінде адам 
толығымен іс-әрекетке шомады, оған енді эрекеттің нәтижесі 
ғана емес, сол әректтің өзі де мэнді эрі қызғылықгы болып 
көрінеді. Мұндай зейін түрін орыс тілді әдебиеттерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет