шоғырлануға келмейді. Осының салдарынан зейіні шашыраңқы
адамның ми қабығында қажет
болған қозулардың тұрақсыз
көздері орнығады.
Шын шашыраңқы зейіннің себептері эртүрлі. Бұларды біліп
қою эр мұғалім үшін міндетті талап. Бұлар: 1) жүйке жүйесінің
жалпы зақымдануы; 2)
қан аздылық; 3) мұрын, тамақ сырқат-
тарынан миға оттегінің жеткілікті келіп түспеуі; 4) дене мен ой
шаршауынан; 5) көңіл-күй күйзелістері.
Шын шашыраңқылықтың жэне бір себебі — мидың күшті
әсерлерге көп душар болуынан. Осыдан оку-үйрену жылы бары-
сында
баланы көп кино көруден, шектен тыс думанды жиы-
лыстардан сақтандыру қажет. Шын шашыраңқылық түрақты
қызығулардың кемдігінен де болады. Кейбір балалар жағдайына
қарамастан бірден көп іске араласады (спорт үйірмесі,
кітап-
хана, эн-күй, тағы-тағысындар), бірақ ешбірімен де ыждағатты
шұғылдана алмайды. Осыдан бала зейін шашыраңқылығына
ұшырап, сабақ үлгерімі төмендейді.
Шын шашыраңқылық отба-
сында дүрыс тәрбиенің болмауынан да туындайды: сабақ дайын-
дау режимінің бүзылуы, ойын мен демалыстың реттелмеуі,
еңбектік
міндеттерден ажырауы, тілегінің бэрін орындай беру.
Мүғалімнің келеңсіз әрекетінен болатын сабақтағы салғырттық
пен енжарлық шәкірттердегі шын шашыраңқылықтың жэне бір
себебі.
Достарыңызбен бөлісу: