2.6. Түйсік ңасиеттері Түйсіктердің эрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктері-
мен ғана ажыралып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие.
Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақ-
тығы жэне түйсіктің кеңістік мекендігі.
Түйсік сапасы — нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктер-
ден ажырататын жэне сол түйсік шеңберінде көрініс беретін
дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі
материя қозғалыс формаларының шексіз сан алуандығын
дәлелдейді.
Түйсік қарқыны — түйсіктің сандық сипатын білдіре оты-
рып, өз кезегінде эсер етуші тітіркендіргіштің күші жэне
рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады.