Экстероцептік
түйсіктер ең үлкен түйсіістер тобын құрайды.
Бұл түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезі-
міне жеткізу жэне қоршаған ортамен үздіксіз байланыс орнату.
Барша экстероцептік түйсіктер тобы шартты түрде
аралық
(дистантные) жене түйісу (контактны) түйсіктері деп аталған екі
бөлікке жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүше-
леріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай түйсіктер-
дің мысалы ретінде тері сезуі мен дэм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге
біршама қашықгықган эсер етуінен туындайды. Бүл топқа жа-
татындар: иіс сезу, есіту жэне көру түйсіктері.
Генетикалық
жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа
бөлу көзделген: 1) протопатикалық — өте қарапайым, шарпулы
(аффектті),
толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық се-
зімдер (ашығу, шөлдеу жэне т. б.); 2) эпикритикалык — жоғары
дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы
жэне рационалды
(санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім мүше-
лерінде пайда болатын түйсіктер.
Достарыңызбен бөлісу: