Психология


Түйсіктердің физиологиялық негізі



Pdf көрінісі
бет138/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   322
2.4. Түйсіктердің физиологиялық негізі
Сонымен, 
түйсік 
— дүние хақындағы біздің барша білім- 
деріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне эсер етуші объектив 
заттар мен құбылыстар 
тітіркендіргіштер 
деп аталады да, ал 
олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын кұбылыс — 
тітіркену 
деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке 
тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің 
қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туын- 
дап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлык си- 
патқа ие.
Түйсіктің физиологиялық тетігі — арнайы жүйке талшық- 
тарының талдағыштық (анализатор) қызметі. Әр талдағыш үш 
бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке үдерісіне қосушы 
дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды 
орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал 
жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өң- 
деуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализатор- 
лардың ми қабығы аймағында накты рецептор жасушаларына сай 
арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша 
талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге 
олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркендіргіштердің әсеріне 
орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге 
қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. 
Мысалы, тері қабатына инемен эсер етіпсе, ол жер діріл қаға- 
тыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тарты- 
луы, тері жиырылуы, ал кей кездері көз аудару, мойын бұру, 
қол қағыстары жэне т. б. бэрі де түйсік реакцияларына байла­
нысты туындайтыны белгілі,


Сонымен, түйсіктер тіпті де енжар үдеріс емес, олардың бел- 
сенділігі ерекше. Бұл үдерістердің бэрінің де белсенділік си- 
паты түйсіктердің өзінше жауап әрекетке келу (рефлекторлық) 
қасиетінен туындап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет