кеңістік мекендігі (прост
ранственная локализация) де тэн қасиет. Әрқандай тітіркен
діргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие.
Сондықтан түйісу (контактіне) түйсіктері тітіркендіргіштер эсер
еткен дене бөлігіне тура келеді.
Түйсік табалдырыктары. Сезімталдық Бұл психологиялық
түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне байланысты қа-
сиеттерінен. Адамның сезім мүшелері өте нэзік қызмет тетіктері.
Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тен жарық
сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін
энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, оны-
мен 1 куб. см. суды 1 градусқа көтеру үшін 60000 жыл қажет екен.
Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды. Оның
пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге
көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз
мөлшері түйсіктің