Психология



Pdf көрінісі
бет145/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   322
адап­
тация 
деп атаймыз.
Түйсіктер өзара ықпал жасау қасиеттері. 
Түйсіктердің 
қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен 
икемделу деңгейіне тэуелді болып қалмастан, бір уақытта 
сезім мүшелеріне эсер етіп жатқан басқа да тітіркендіргіштерге 
байланысты. Өзге сезу мүшелерінен түсіп жатқан әсерлерден 
түйсік анализаторларының өзгеріске келуі 
түйсіктердін өзара
ыкпалы 
деп аталады. Мысалы, күшті дыбыстық эсер (ысқырық 
көру түйсігін арттырады. Кейбір иістердің көру мен есту 
сезімдерін көтеруі не әлсіретуі гылымда дэлендеген (С.В. Крав­
цов). Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе тө- 
менгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады. Өзара


ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер талдағыштар сезімін 
жоғарылатады, ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді, бұл жа- 
лпы заңдылық.
Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің ар- 
туы — 
сенсибилизация 
деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жо- 
ғарылауы екі сипатта көрініс береді (А.Р. Лурия): 1) ұзакка 
созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты
2) уақытша, субъект кейпіне, физиологиялық не психологиялық 
себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды. 
Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар
есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. 
Әдетте, қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дүрыс ажыратуға 
жәрдемдеседі.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік 
туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына 
да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. 
Бұл қүбылыс психологияда 
синестезия 
деп аталады. Мысалы, 
кейбір адамдар біреудің ас, тагам жөнінде әңгімесін есіте оты- 
рып, бұған коса түрлі дәмдер мен дастархан бетіндегі түрлі 
түстерді де сезінуі мүмкін.
Синестезия құбылысы — ағза талдағыштарының өзара 
түрақты байланыстылығы мен объектив дүниені бейнелеудегі 
сезімдер тұтастығының жэне бір дэлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет