Қабылдаудың түтастығы. Түйсік, жоғарыда айтқанымыз-
дай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал
қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі
біліістерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.
Түйсік құрайтын бөліктер өзара өте тығыз эрі күшті бай-
ланысқан, мұны біз сезім мүшелерімізге кейбір заттардың бір
қасиеті немесе бөлігі ғана эсер етуден-ақ біздің санамызда сол
заттың күрделі бейнесі туындайды (мақпал, мәрмәр тас). Мұн-
дай танымның негізінде біздің бүрынғы тәжірбиемізде көру мен
сипай сезу арасындағы шартты рефлексті қалыптасқан бай-
ланыстар жатыр.
Тұтастық — қабылдаудың құрылымды болуымен байланыс-
ты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге
тура келе бермейді, эрі сол түйсіктердің қарапайым қосын-
дысынан жасалмайды. Адам, әдетте, нақты түйсінуден дер-
бестеніп, дерексізденген қорытынды қүрылымды қабылдайды,
ал бұл қорытындыға келу біршама уақыт өтуін талап етеді.
Егер сіз қандай-да бір әуенді тыңдай қалсаңыз, алғашкы есті-
ген нотаңыз келесі нота берілгенше құлағыңыздан кетпей
қояды. Әдетте, тыңдаушы үшін эн-күй бірінен соң бірі келетін
ноталарымен емес, біртұтас эуенімен мэнді.
Қабылдаудың тұтастығы мен қүрылымдығы бейнеленуші
қоршаған дүние объективтерінің шындыққа сай өзіндік ерек-
шеліктерінен туындайды.