Психология



Pdf көрінісі
бет183/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   322
4.1. Ойлау жөнінде түсінік
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы 
тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабыл- 
данған заттың ішкі, мағыналық тараптарына да назар ауда- 
рады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен 
қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс 
өзгерістерін болжастырады, үттіқыр ой қанатын ерттетіп, әлем 
мен мәңгілікте шарықтайды. Мүнын бэрі де ойлау үдерісіне 
байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымында 
ойлау
— бүл тұлғанын шындықты және жанама бейнелеуге ба-
гытталған танымдық әрекеті.
Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тікелей 
сезімдік біліктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен бі- 
луге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қоры- 
тындылау арқылы біліп, танымдық шектерімізді кеңейтуде 
жэрдемдеседі. Мысалы, айна сыртында ілулі тұрған термо- 
метрге қарап, күннің суықтығын байқаймыз.
Түйсік пен қабылдау құбылыстардың жеке тараптарының 
эр мезгілдегі кездейсоқ байланыстарын танытады. Ал ойлауда 
сол түйсіктер мен қабылдау деректері топтастырылады, са- 
лыстырылады, олардың арасындағы қатынастар ашылып, ажы- 
ратылады. Сезімдік негізде танылған заттар мен құбылыстар- 
дың қасиеттеріне сүйене отырып, ойлау арқылы заттардың 
тікелей көрінбеген, тереңдегі жаңа қырлары мен сырларын 
топшылайды. Сонымен, ойлау қоршаған дүниенің мэнін жал- 
пылай түсінуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен қа- 
тынастар негізінде тануға мүмкіндік береді.
Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу —
ойлау үдерісінің басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты 
тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау


қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге 
қасиеттер мен мэнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен 
ғана көрініп қоймайды. Шынында да, біздің қабылдаудағы 
танитынымыз дербес элементтердің жай косындысы емес, осы 
деңгейдің өзінде де болмыс қасиеттері мен заттары өзара 
қатынасты бірлікте болып, ойлаудың дүниетанымдық қызме- 
тіне арқау болады. Бірақ қабылдауда заттар мен құбылыстар- 
дың қасиеттері біздің санамызға жеке-дара, кейде мәнсіз, кез- 
дейсоқ белгілерімен келіп түсуі мүмкін. Осыдан, ойлаудын 
міндеті кездейсоқ сэйкестіктерден ажыратып, нақты заң- 
дылықтарға негізделген мэнді, кажетті байланыстарды танып, 
аша білу.
Қажетті эрі мэнді байланыстарды аша отырып, назарға 
алғандардан кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жал- 
пыға өтеді. Кеңістік пен уақыт аймағында шектелген, жеке-дара 
жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан қүралған байланыстар 
жалқылық сипатқа ие болады, ал эрқандай мэн кездейсоқ жағ- 
дайлардың өзгерісіне карамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың 
қызметі осы мэнді байланыстарды ашумен, оларды қорытын- 
дылап, жалпыластыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет