Психология



Pdf көрінісі
бет191/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   322
Дерексіздендіру 
(абстракция) — бүл зерттеліп жатқан объек- 
тивтің қаңдай да бір белгісін бөліп алып, калғандарын елемеу. 
Мысалы, біз көзге жағымды эсер еткен жасыл түсті ғана на- 
зарға ала отырып, ол түстес заттардың өзіне мэн бере бермей- 
міз. Бүл үдерістегі объективтен бөліп қаралған түр-түс белгі 
заттың басқа қасиеттерінен оқшау қарастырылып, ойлаудың 
дербес элементіне айналады. Дерексіздену, яғни бір сапаның 
заттық негізінен бөлініп қаралуы талдау нәтижесінде жүзеге 
келеді. Дэл осы дерексіздендіру арқылы ұзындық, ендік, сан- 
дык, теңдік жэне құндылық т. с. с. түсініктері калыптасқан. 
Дерексіздендіру — танылуға қажет нәрсенің ерекшелігі жэне 
оны зерттеуде қойылған мақсатқа тэуелді күрделі үдеріс. Атал- 
ған ойлау қызметінің жәрдемімен адам жалқы эрі нақты зат- 
тың шеңберінде қалып қоймай, көп заттарға ортақ жалпы ұғым 
пайда етуге мүмкіндік алады. Сонымен бірге абстракция сезімдік 
ақпаратқа негізделеді, түйсіктерден келген әсерлер болмаса, 
абстракт ой мазмұнынан жүрдай болып, мәнсіз баянның көзіне 
айналады. Дерексіздендіру түрлерінің арасында — тікелей іс- 
эрекетке қосылған практикалық; сезімдік немесе сыртқы; түсі- 
ніктермсн берілген ең жоғары, жанама абстракциялауды бөліп 
қарастыруға болады.
Нақтылау 
— ойдың жалпы жэне дерексіз күйден мазмұн 
ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. 
Адам эрдайым нақтылауды айтылған пікір басқаларға түсінік- 
сіз болса, жалпыланған қасиет, белгіні бір нәрсенің мысалында 
дәлелдеу кажеттігі туындағанда пайдаланады.
Қорыту 
— заттар мен қүбылыстарды ортақ жэне мэнді бел- 
гілеріне орай ойда біріктіру. Мысалы, алма, алмұрт, өрік жэне 
т. б. ұқсастықтан олардың бәрін бір «жеміс» деген түсінікпен 
арнайы топтық категорияға қосамыз. Ой әрекеті қандай да нә- 
тиже топшылауға бағышталады. Мысалы, психолог адамдарды 
олардың даму барысындағы жалпы, ортақ заңдылықтарды ашу


үшін зерттейді. Бірқатар заттардағы белгілі қасиеттер тобы- 
ның эрбір жеке заттарда қайталанып келуі, олар арасында 
кандайда маңызды байланыстың барлығынан хабардар етеді. 
Солайда болса, қорытындылауда заттардың ерекше, жалқылық 
белгілерін шектемей, оларды мэнді, жалпыланған байланыс- 
тарды ашуға пайдалану қажет.
Қарапайым қорытындылау объективтің жеке-дара, кездей- 
соқ белгілеріне негізделеді. Объективтің эртүрлі тараптары 
бойынша жан-жақты қорытындылануы біраз күрделірек. Ең 
күрделі қорытынды түр (вид) және тек (род) белгілерінің нақ- 
ты ажыратылып, заттың белгілі бір түсініктер жүйесіне келтірі- 
луімен байланысты.
Аталған ой іс-әрекеттері өзара байланыссыз, дербес іске ас- 
пайды. Бұлардың негізінде жоғары деңгейдегі ажырата 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет