Психология



Pdf көрінісі
бет190/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   322
прак-
тикалық 
(ойлау — сөйлеу үдерісінде жүріп жатады) жэне 
теориялық 
болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда аталған ой 
амалдарына ұштаспаса онда ол қате, 
механикалык 
сипат 
алады. Мүндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кез-


деседі: бала ойыншығын тез бұзуға ғана шебер, оны құрастыру, 
бөлшектерін салыстырып, қандайда қорытынды шығару — 
сәбидің ойына да келмейді.
Біріктіру 
— бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет- 
қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру амалын тал- 
дау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке зат- 
тар мен кұбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөл- 
шек, элементтер тобы ретінде қарастырылады. Әрдайым бірік­
тіру бөліктердің қарадүрсін жиынтығын не қосындысын 
андатпайды. Мысалы, автокөліктің жүздеген бөлшектерін құ- 
растырғандағы мақсат металл үйіндісін шығару емес, пайдалы 
әрекетке келетін машина түрғызу. Оттегі мен сутегін синтездей 
отырып жаңа сападағы зат — су алатынымыз баршаға мэлім. 
Ой үдерісіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу-үйретім 
(үйренім) жұмысында аса үлкен маңызға не. Бала жекелеп тал- 
даумен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген эріп- 
тердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан — сөз, сөзден 
— сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп — мэтін мазмұнын шығарады.
Талдау мен біріктіру ажыралмас бірлікте жүріп жатады. 
Әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа ие болтан зат қана талда- 
нуы мүмкін. Біріктіру де талдауға негізделеді: қандай да бө- 
ліктер мен элементтерді бір бүтінге келтіру үшін, осы бөлік- 
тердің өзін жэне олардың белгілерін талдаудан танимыз. Ойлау 
барысында талдау мен біріктіру бірін-бірі ауыстырып, ке- 
зекпен алғы шепке шығып тұрады. Талдаудың не біріктірудің 
ойлау кезінде кѳбірек қажет болуы материал сипаты мен орын- 
далатын жұмыстың шарттарына, сондай-ақ адамның ақыл-ой 
қабілетіне байланысты.
Салыстыру 
— бұл эрқандай заттар мен құбылыстардың не 
ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырма- 
шылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті. Күнделікті тұр- 
мыстық салыстырулар бір затты екіншісіне беттестіру арқылы 
жеңіл-ақ орындалады. Кеңістіктегі өлшеу мен салмақты тара- 
зылау да осы салыстырудың көрінісі. Салыстыру түрлері келе- 
сідей: 1) бір жақты (бір белгісі бойынша, толық болмаған); 
2) көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен); 3) үстірт 
жэне тереңдей; 4) тікелей жэне жанама. Салыстыру белгілі бір
176-13


байланыс не қатынас бойынша жүргізілуі шарт (форма, түс- 
түр, салмақ, ұзындық немесе уақыт). Іс-эрекетті терең эрі дэл 
тану үшін аса қажет ойлау қасиеті — бұл үксас эртүрлі заттар- 
дың айырмашылығын, өзара бөлек заттардың — ортақ, ұқсас 
жақтарын сезіне білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет