топ- тастыру (классификация),
жүйелестіру (систематизация) қыз-
меттері жатыр. Әрбір ойлау әрекеті өзіне сэйкес ақыл қызме-
тіне арқау болады да адам ойының белсенділік, эрекетшең,
шығармашылық жаңғырту қабілетінің сипатын баса танытады.
Адамның ойлау жұмысы эрқилы мезеттік қимыл-эрекеттерді
қамтып, түрлі деңгей, формаларда іске асып, ойлау түрлерінің
сан-алуандығынан хабар береді.
4.5. Ой әрекеті түрлері Психологияда ойлау түрлері мен оларды ажырата топтас-
тыру мәселесі бірнеше бағытта шешімін табуда.
1. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері —
дискурсивтік: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау үде-
рісі;
интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған,
мазмұны толық ұғылмаған ойлау үдерісі.
2. Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен
жаңалығына орай ойлау