Психология


ҚИЯЛ — ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯ



Pdf көрінісі
бет200/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   322
5. ҚИЯЛ — ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯ
1. Қиял жөнінде түсінік. 2. Қиялдың физиологиялыц, негіздері.
3. Қиял түрлері. 4. Шыгармашыл қиял әдістері. 5. Қиял жэне
түлга. 6. Қиял жөнінде түсінік
5.1. Қиял жөнінде түсінік
Адам санасындағы бейнелер бүрын қабылданған заттар мен 
кұбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына 
ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиындағы 
немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмеген, тіпті 
болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар енуі мүмкін. 
бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты 
болмыстан шығып, шексіздік элеміне есік ашады. Адам тәжі- 
рибесін түрлендіруші жэне өзгеріске келтіруші тосын бейнелер 
қиялдың негізгі сипатын кұрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мэні ғылым- 
дағы осы сөздермен берілетін үғымдардан басқашалау. Тұр- 
мыста біз шындықка сай келмейтін, практикалык, маңыз- 
мағынаға ие болмағанын бэрін қиял не фантазия деп атай сала- 
мыз. Ал, шынында, қиял эрқандай шығармашылык іс-әректтің 
негізі ретінде көркем өнер, ғылыми жэне техникалық ой туын- 
дыларына арқау болумен мэдени өмірдің барша салаларында 
көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам 
колынан өнген өнер, мэдениет элемінің бэрі дерлік қиял мен 
осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
«Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі 
кіші 
болсын, нақты 
қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудан алдын ойда 
түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған 
қиял түрінде іске асады» (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде 
көрініс бермесін, (тұлға қиялы, не ұжымдық қиял) өзіндік 
ерекшелігін жоймайды эрі тек өзіне тэн ерекше мазмұнға ие. 
Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашы- 
лығы олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан 
туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, 
сондықтан да естің негізгі қызметі өткен төжірибе нэтижелерін 
мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял үдерісінде


қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әр- 
қандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай 
тұрып-ак, болашақ еңбегінің нэтижесін күні бұрын болжас- 
тыра алады. «Еңбек үдерісінің аяғында алынатын нәтиже осы 
үдеріс бастауында адам ойымен идеалды түрде жасалады» 
(К. Маркс). Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі 
адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгеше- 
лігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжасты- 
руға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген қүлшынысына, 
мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде қиял кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген 
жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар 
адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай 
келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді. Мұ- 
ның дэлелі — кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрі- 
ніп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлер- 
дің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың 
зияны халықта «Қорыққанға қос көрінеді» мәтелінде дэл айтыл- 
ған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, бола- 
шақта күтілген кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен 
ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын білдіреді. Ойлау 
сияқты қиял да проблемалық жағдайда, тұлға қажетсінуінен, 
қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туындайды. Мысалы, 
егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда 
болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бү- 
гінгі күнде бұл үшін ғарыштан келгендердің фантастикалық 
көріністері қолданылады.
Бірақ қиял дүниені жалпьшай жэне жанама танытатын, 
ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі 
ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада 
жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дэл бейнелерде көбіне зат- 
тық, болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. 
Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын 
басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен 
түсіндіруге тырысады. Мұның дәлелі — мысал, ертегі, мақал-мэ- 
телдер, эрқандай көркемөнер туындысында біз көрнекі бейне- 
мен ашылатын негізгі ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.


Қиялға тэн жэне бір ерекше белгі — оның бастау деректері 
толық эрі дэл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі 
жағдайларды болжастыруда қолданылуы. Мұндайда белгілі 
деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану 
қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар» 
формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай оты- 
рып, К.Д. Ушинский: «Мықты, кемелденген қиял-ақылдылық- 
тың нышаны», — деген.
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет