дай ерекшелігі, әсіресе, мектеп алды жасындағы балаларда
көп
байқалады, қызығушылығы басым болған 3-4 жастағы сәби-
лер үлкендерге «неге олай?», «неге бұлай?» деген сұрақтарды
жиі қояды.
Мәселе шешуге орай құбылыстар байланысын іздестіріп,
болжам жасауда ойлау қасиетінің ауқымдығы, яғни қойылған
мэселені тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырла-
рын
көптен қамтып, өткенді, қазіргі мен болашақ жағдайларды
ұштастыра пайдалана білу үлкен мәнге ие. Мұндай адамдарды
көбіне «өрісі кең» деп сипаттаймыз.
Әрқандай шешім сындарлы ойға түсіп, жұрттың айтқанын не
өз толқылауынды жалаң қүптай салмай, терең сын талдауына
келтіріп, «оң» не «қарсы» тараптарын таразылағанды талап
етеді. Сындарлы ақыл сипаты адамның объектив жағдайлар мен
өз іс-әрекетіне орынды бага беру қабілетінен,
нақты бағыт
ұсынып, алға тартылған болжамдарды жан-жақты өлшестіріп,
олардың тексеру нэтижелерін бағалай алуынан келіп шығады.
Сындарлы ой дамуының негізі эрбір тұлғаның терең білім-
ділігі мен төжірибесінде. Балалық шақтан көрі жас үлғайган
сайын сыншылдық өрістей түседі.
Шешім қорытындысын тексеру барысында жэне оның нэ
тижелерін практикаға ендіруде ойлау икемділігі үлкен маңызға
ие.
Ой икемділігі
эрқандай субъекттің кандай да мәселе бойын-
ша қатып қалган көрсетпелер мен бұрыннан қалыптасқан
әдістердің кұрсауында қалып қоймай, жағдайлар
өзгерісіне орай
жылдам жаңа шешімдерге келе алуын көрсетеді. Бұрыннан
қолданған ойлау жэне әрекет стереотиптерінен (қайталанып
тұратын әрекет-өрнек) құтылу өте күрдслі, салмақ түсіретін,
қажетті ойластыруды талап ететін үдеріс. Бұл адамды ой ер-
кіндігіне, жаңашыл ойлауға арнайы тәрбиелеуді керек етеді.
Ойлаудың жеке-дара ерекшеліктерін әңгімелей отырып
келесі жэйтті естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың
өзі емес, адам, біртұтас тұлға. Талай ойлардың пайдасыз болжам
деңгейінде калып жатқанының куәсіміз,
сондықтан әрқандай
ұшқыр ойдың белсенді эрекетпен ұштасқаны, эр адамның өз
қызметін пайдалы, өнімді еңбек эрекетіне жұмсағаны жөн.