теориялық жэне
практикалық болып бөлінеді. Пси-
хологияда көп уакыттарға дейін объективтердің заңдылықтары
мен қасиеттерін ашуға арналған ойдың теориялық қыры ғана
ескеріліп, зерттеліп келді. Теориялық акыл-ой (интеллектуал)
эрекеттері іске асырылуы тиіс практикалық іс-әрекеттердің
бастауы, негізі деп түсіндірілді. Әрқандай теориялық оймен
ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан эрі туа
біткен деп сипатталды. Осының нәтижесінде бір-біріне тіке-
лей қарсы екі ой әркеті жөнінде көзқарас бекіді: 1) эрқандай
ақылдың қатысынсыз орындалатын әрекет; 2) теориялық ойлау
негізінде жүзеге келетін эрекет.
Жэне бір жағынан, практикалық ойлау объектив құбылыс
деп қаралғанның өзінде де, ол сезімдік-қимыл деңгейіндегі ой
жұмысы сипатында ескерілді, сондықтан да тэжірибелік ақыл
жұмысы қабылдау құбылысынан бөліктенбей, тікелей затпен
байланысқан қимылдарға теңгерілді. Алайда, өмірде тек «тео-
ретиктер» ғана ой толғап қоймайды. Практикалық ойлау —
бұл сәби ойының бастау формасы емес, ересек адамның пісіп
жетілген ойлау қабілеті (Б.М. Теплов). Шынында да, күнде-
лікті тұрмысымызда терең ой толғауларын қажет ететін кейбір
күр-делі қызметтер туындайтыны бэрімізге аян. Практикалық
ойлау мақсат белгілеумен, жоспар, жоба түзумен байланысты,
кей кезде ойластыруға уақыгг жетпей, ой жұмысымыз күрде-
лене түсіп, басымыз шыр болатынын байқап жүрміз. Бұның
бәрі «теориялық ойдың» дәлелі емес пе? Практиктің болжастыра
(гипотеза) жұмыс қылу мүмкіндігі шектелген, оның дұрысты-
ғын тексеріп отыруға өмір ағымы күтпейді. Адам ақылының ең
жоғары деңгейіндегі көрінісін ұлы