Психология



Pdf көрінісі
бет197/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   322
4.6. Ойлау жэне тулга
Әр адамда оның ақыл-қабілетіне орай өзіндік ойлау ерекше- 
лігі болады. Осы ерекшеліктен эр тұлғаның ақыл сапасы көрі- 
неді. «Ақыл» түсінігінің ауқымы «ойлау» түсінігінен кеңірек 
келеді, себебі «ақылдылық» интеллект сияқты тек ойлау 
қабілетінен көрінбей, басқа да таным үдерістерінің тұтастай 
желісінен байқалады. Кей адамдар ойлауда көрнекі-бейнелерді 
көбірек пайдаланса, басқалар теориялық тұжырымдарды негі- 
зіне алып, ой жүгіртеді. Ой әрекетінің ерекшелігі сондай-ақ 
адам көңіл-күйіне де, оның топтаған білімдері мен еңбек, 
тұрмыс тэжірибесіне де, өзінде қалыптастырған ойлау әдісте- 
ріне де орайлас келеді.
Ойлау үдерісінің жеке кезендерін қарастыра отырып, әрқан- 
дай ой әрекетінің міндет, мақсат белгілеу, яғни бастапқы кезең- 
дегі ойлаудың жеке, дара ерекшелігі адамның дербестігі мен 
белсенділігінен көрінетінін байқаймыз. Тұлғаның ойлау дер­
бестігі оның жаңа мәселелер қоя біліп, оларды тың әдістермен 
шеше білуінде, ал бұл қабілет өз кезеңінде ойлаудың бел- 
сенділігімен, яғни кезіккен міндеттер мен мәселелерді өз бе- 
тінше шешуге ұмтылыс жасап, өзінше шешім жолдары мен 
құралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мұн-


дай ерекшелігі, әсіресе, мектеп алды жасындағы балаларда 
көп байқалады, қызығушылығы басым болған 3-4 жастағы сәби- 
лер үлкендерге «неге олай?», «неге бұлай?» деген сұрақтарды 
жиі қояды.
Мәселе шешуге орай құбылыстар байланысын іздестіріп, 
болжам жасауда ойлау қасиетінің ауқымдығы, яғни қойылған 
мэселені тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырла- 
рын көптен қамтып, өткенді, қазіргі мен болашақ жағдайларды 
ұштастыра пайдалана білу үлкен мәнге ие. Мұндай адамдарды 
көбіне «өрісі кең» деп сипаттаймыз.
Әрқандай шешім сындарлы ойға түсіп, жұрттың айтқанын не 
өз толқылауынды жалаң қүптай салмай, терең сын талдауына 
келтіріп, «оң» не «қарсы» тараптарын таразылағанды талап 
етеді. Сындарлы ақыл сипаты адамның объектив жағдайлар мен 
өз іс-әрекетіне орынды бага беру қабілетінен, нақты бағыт 
ұсынып, алға тартылған болжамдарды жан-жақты өлшестіріп, 
олардың тексеру нэтижелерін бағалай алуынан келіп шығады. 
Сындарлы ой дамуының негізі эрбір тұлғаның терең білім- 
ділігі мен төжірибесінде. Балалық шақтан көрі жас үлғайган 
сайын сыншылдық өрістей түседі.
Шешім қорытындысын тексеру барысында жэне оның нэ­
тижелерін практикаға ендіруде ойлау икемділігі үлкен маңызға 
ие. 
Ой икемділігі 
эрқандай субъекттің кандай да мәселе бойын- 
ша қатып қалган көрсетпелер мен бұрыннан қалыптасқан 
әдістердің кұрсауында қалып қоймай, жағдайлар өзгерісіне орай 
жылдам жаңа шешімдерге келе алуын көрсетеді. Бұрыннан 
қолданған ойлау жэне әрекет стереотиптерінен (қайталанып 
тұратын әрекет-өрнек) құтылу өте күрдслі, салмақ түсіретін, 
қажетті ойластыруды талап ететін үдеріс. Бұл адамды ой ер- 
кіндігіне, жаңашыл ойлауға арнайы тәрбиелеуді керек етеді.
Ойлаудың жеке-дара ерекшеліктерін әңгімелей отырып 
келесі жэйтті естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың 
өзі емес, адам, біртұтас тұлға. Талай ойлардың пайдасыз болжам 
деңгейінде калып жатқанының куәсіміз, сондықтан әрқандай 
ұшқыр ойдың белсенді эрекетпен ұштасқаны, эр адамның өз 
қызметін пайдалы, өнімді еңбек эрекетіне жұмсағаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет