жасампаз практиктер Абылайхан мен Бауыржан Момышүлы және
дана теоре- тиктер Әл-Фараби мен Қаныш Сәтбаевтардың қызметте-
рінен теңдей байқаймыз.
4.
Ойлау түрлерін ажырата топтастыруға байланысты пси-
хологияда кең тараған бағыттардың бірі — шешілуі тиіс болған
мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау: 1) затты-әре-
кеттік: 2) кернекі-бейнелі; 3) сөзді-логикалы болып түрленеді.
Затты-әрекеттік ойлаудың
көрініс
сипаты:
қалыптасқан
жағдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей
бағытгалған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы 3
жасқа дейінгі сәбилерге тэн. Бұл кезеңде бала заттарды бірін-
біріне беттестіре салыстырады; ойыншығын бөлек-бөлек
сындыра, бүзып талдайды; таяқшалары мен
кубиктерін бір
ортаға үйіп, біріктіреді; ойыншықтарын түр-түсіне орай қосып,
қорытындылайды. Бұл ойлау формасы ересектер тәжірибесінде
де көптеп кездеседі. Мысалы, үй жиһаздарын ауыстырғанда;
бүрыннан таныс болмаған тетіктермен жұмыс істеген сынау-
шылар мен конструкторлар қызметінде, яғни нәтижесі элі күң-
гірт болған әрекеттерді орыңдау барысында қолданымын табады.