қиял — алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бүрын болжастырумен қандай да әрекет багдарламасын тү- зуге жәрдемдесетін психикалық үдеріс. Адам қиялы бүрын көріп, білмеген заттар мен қүбылыстарды
өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, элемде жоқ нәр-
селердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген зат-
тарымыздың қүрылым элементтерінің қосындысынан жасалады.
Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымен бұрыннан
таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан
өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол,
өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі жэне сезімтал келсе, оның
қиялы ғажайып эрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.
Л.С. Рубинштейннің пікіріне зер салсақ, шығармашылық
қиялдың қуаты мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады:
1) қиял туындысы мэндік жэне мағыналық шарттардан асып
кетпеуі лазым; 2) қиял өзіне негіз болған деректерден жаңа-
лығы жэне қайталанбастығымен ерекшеленуі тиіс. Осы екі
талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ практика-
лық жағынан пайдасыз.
Қиял маңызы орасан. Ол тек жазушыларға кейіпкерлер
бейнесін жасауға не суретшіге болашақ картинасының маз-
мұнын іздестіруге қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы
болмаған ғалым құбылыс себептері жөнінде болжам жасай
алмайды; мұғалім дэріс барысын, шәкірттердің білім-тэлім иге-
руге болған қатынасын күні бүрын кияли талдамай, сабақ
дайындай алмайды. Жалпы білім, тэлім игеру үдерісінің өзі
қиялсыз шектеулі болар еді, тарих, география, астрономия жэне
басқа пэндер тек қиял қанатында ғана игеріледі.