Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және
шығармашыл келеді. Жасампаз қиял негізінде алдын ала беріл-
ген көрсетпелерді басшылыққа ұстаумен қандай да бейнелерді
түзу жатады. Бұл қиял түрі қалаған тэлім, тэрбие жұмысының
тірегі ретінде көркем эдебиет оқығанда, географиялық не тари-
хи карталармен танысқанда, сызылмалар мен іс жобаларымен
танысқанда өте қажет. Жасампаз қиял бейнелерін жазба не зат-
тық құжаттар күйінде берілген басқа адамдар сөзінен түрғызуға
болады. Қайта жасау барысында адам таңбалык жүйедегі (сөз,
сан, сызылма, нота жэне т. б.) іздерді өзінде бүрыннан қорытыл-
ған білімдерімен толықтырып отырады. Қандай да бейне, кейіп-
керді жасауда автордың көркемдік шеберлігі, кейіп құрасты-
рудағы эдістері мен тэсіл байлығы үлкен мэн ойнайды.
Сондай-ақ жасампаздық қиял бейнелерін түрғызуда адам-
ның көңіл күй жағдайын да ескермеске болмайды. Күшті эмо-
ционалдық кейіп жасампаздыққа кедергі ықпалын тигізеді.
Мұндайда адам ойы шашыраңқылыққа түсіп, өзінің не окып
отырғанын түсінбей, мэнін, мазмұнын қабылдамайтын қа-
лыпқа енеді. Сырқаттан, наша не ішімдік әсерінен болған пси-
хикалық ауытқулар да бастапқы мазмұнға сай келмейтін бей-
нелердің тууына себепші болады.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеа-
лардың қайнар көзі. Мұндағы «жаңа түсінігі екі-талай мэнге ие:
объектив жаңалық жэне субъектив жаңалық. Объектив жаңа
бейне — бұл заттық не идея күйінде дүниеде бұрын соңды
болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне — эрбір тұлғаның
тэлім, тэрбие, күнделікті тұрмыс жағдайында өз басы үшін
ашатын жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында
көрнекі елее туындыларын белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: