«Ойлап табушы — бүл бүрыннан белгілі жабдықтардан жаңа күрылым түзуші адам», — деген екен. Со-
нымен бірге осы ғалымның «Тіл білмей, өлең жаза алмағандай,
білімсіз ешнәрсе ойлап табу мүмкін емес», — қанатты сөзінен
шығармашыл қиялдың негізінде не жататынын ұғуға болады.
5.4. Шыгармашыл қиял эдістері Көп уақыттар ғылымда шығармашылык үдерісті заңдасты-
рып, оны үйретіп болмайды деген тұжырым сақталып келді.
Осыны қуаттаушы француз психологы Г. Рибо кезінде: «Мың
сан пікір айтылып жүрген «ойлап табу әдістеріңіз» бос әңгіме,
ал бола қалған күнде жаңалық табушыларды қарапайым ме-
ханиктер мен сағат жөндеушілер дайындағандай, топтап, қолдан
жасап алар едік», — деп кесіп айтқан. Алайда, мұңдай көзқарас
уақыт өте шайқала бастады. Шығармашылық іс кездейсоқ жа-
ңалықтар ашудан саналы ойлап табу жолына түсті, жаңа мін-
деттерді шешу жоспарлы қалыпқа келді. Ағылшын ғалымы