Психология



Pdf көрінісі
бет209/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   322
аналигик-синтетикалық 
сипат алады.
Қиялдың аналитик-синтетикалык сипаты 
агглютинатив
(грек тілінен — жабыстыру) тәсілінде анық көрінеді. Агглю­
тинация дегеніміз бірнеше заттардың жеке элементтері мен 
бөлектерінің бір бейнеде қосылуы. Мысалы қазақ ертегіле- 
ріңдегі су пері, жалғыз көзді дэу, жезтырнақ — адам денесі мен 
аң, құс мүшелерінің қиялдық бірігуінен жасалган бейнелер. 
Агглютинация техникалық жаңалықтар табуда кеңінен қолда- 
нылады. Осы тэсілдің арқасында жасалган техника көліктері 
көп-ақ: троллейбус, трамвай, аэромашина, гидро-самолет, танк- 
амфибия жэне т. б.
Бейне жасаудыц талдау үдерісінде қолданылатын жэне бір 
эдіс — бүл 
акценттеу, 
яғни түзіліп жатқан бейнедегі қандай 
да бір элементтің қалыптан тыс кейпімен көзге түсуі. Осы әдіс- 
пен нақты бейненің мэнді де маңызды қыры баса көрсетіліп
ол басқа бөліктерінен ажыралып тұрады. Көбіне акценттеу әді- 
сін әзіл-сықақ (карикатура) суреткерлер жиі қолданады: нұс- 
қанын бір белгілерін шындыққа лайық сақтай отырып, басқа 
белгілерін қиялды идеяға ұштастырып, өзгеріске ендіреді, мы­
салы, бөспе сөз адамның бейнесі шұбалган тілімен көзге 
түссе, ашқарақ, мес қарнымен танылады.


Егер акценттеу айырым элементтерге емес, бүкіл объективке 
тұтастай қолданылатын болса, онда ол екі эдісте жалғасын та- 
бады: болмыстағы нақ объективке қарағанда керемет ұлғайты- 
лып (гипербола) не кішірейтіліп (литота) беріледі. Бұл тэсіл- 
дер көбіне халық ертегілерінде, дастан, жырларда 
көрінген 
жауды жеңетін алып денелі, жойкын күшті, «бойымен бұлтты 
тіреген» ғажайып бейнелерді жасау үшін қолданылады: Алпа- 
мыс, Ер Төстік, Шора батыр т. б.
Қиял елестерін жасау біріктіру (синтетикалық) жолымен де 
іске асады. Фантастикалық бейнеге негіз болған елестер бірігіп, 
айырмашылықтары көмескіленіп, ұқсас тараптары алға тар- 
тылатын болса, онда 
схематизация 
әдісінің қолданылғаны. Бұ- 
ның мысалы ретіңде қоршаған орта бедерлеріне ұқсас жасал- 
ған үлттық оюлар мен өрнектерді келтіруге болады. Осы ою- 
өрнектерді саралай отырып, заты қазақ қолындағы бұйымның 
қайсысы адайдікі, ұлы жүздікі, не кіші жүздікі екенін айырып 
бере алады. Ал енді, осы заттардың айырмашылығы неде еке­
нін сүрасаңыз, жауабын таба алмай қиналады, себебі ою-өр- 
нек бейнелері эр қазақтың қиял санасында жалпыланған сұлба 
күйінде орын тепкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет