Психология


нақты, нақтырақ, жалпы, дерек-



Pdf көрінісі
бет206/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   322
нақты, нақтырақ, жалпы, дерек-
сізденген 
(абстракт) түрлері келіп шығады.
Сонымен бірге, нақты қиял бейнелері қызмет көрінісіне орай 
бөлектенеді. Осыдан, көз елестері (қыр жауқазыны, Абай кел- 
беті, арғымақ жэне т. б.); есіту елестер (бұлбұл эуені, «Адай» 
күйі, сарқырама сарыны жэне т. б.); дене сезімдері (суық самал, 
жаңбыр тамшылары, қыспақта қалған бармақ жене т. б.); иіс 
сезімдері (жусан иісі, бензин, жаңа орылған шөп жэне т. б.); дэм 
сезімдері (қазы, тіл үйірген қауын, ашыған сүт жэне т. б.); 
қозғалыс елестері (алтыбақан тербелісі, шыр айналған вальс, 
гимнастика жаттығулары жэне т. б.); туындайды. Өнермен шы- 
ғармасындағы бейне сан қүбылмалы болса, оны қабылдау да 
толыққанды, әсерлі келеді. Кемеңгер Абай қаламынан туған 
келесі өлең қатарларын оқып отырып, тек көз елесіне емес, 
аң мен қүстың жанталас дауыстарына да қияли қанық боласыз:


Біреуі көк, біреуі — жер тағысы
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл.
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
Қиялдың ерекше түрі — 
арман. 
Армандау — өзімізге ұнаған 
болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірақ келешек- 
те орындалса деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттанды- 
руға қажет зат не әрекет. Арман — адам үшін өзінің шығарма- 
шыл күш-куатын жүзеге асыруға бағыт беретін жұлдыз сипатты. 
Арманды сөз еткенде оның іске асатыны не аспайтынын ескер- 
ген жөн. Болар арман сол арманға жету әрекетінен ажырал- 
майды, оның мақсаты анық, мазмұны мен орындау жолдары 
қиялдаушыға толық түсінікті. Ал болымсыз арманның мазмұны 
анық болғанымен, іске асу жолдары белгісіз. Көп жағдайда 
мұндай арман қиял бейнелері дәрежесінен аспай, адамды әре- 
кетке ынталандырмайды.
Болымды арман эрдайым белсенді келеді, боларына сенген 
адам дегеніне жетпей тыным таппайды. Адам еңбегінен туын- 
даған қалаған зат (қағаз, қалам, машина жэне т. б.) көптеген 
үрпақтар арманының жемісі емес пе? Дүние-мүліктердің жа- 
салу тарихы неғұрлым ұзаған сайын, олар сан мэрте жэне сан 
қилы өзгерістерге келіп, талай әулеттің арманын қамтыды. Қай 
жаңа зат болмасын, алғашқыда өнердің ұшпағы болып кө- 
рінгенімен, келе-келе қолданып, пайдалану барысында оның 
түзетілуі қажет ақауы мен олқылығы байқалады да адам көрін- 
ген кемшілікгерден азат жаңа, жетілдірілген затты армандайды. 
Ал, шынына келеек, арман жүйрік, оған жету мүмкін емес, жет- 
кен күнде — даму тоқтайды. Орындалған арман жаңа қажет- 
тілік туындатады, тың қажеттілік жэне бір, енді жоғарылау 
деңгейдегі арманға себепші болады.
Шығармашылық іс-әрекетте қиялдың маңызы орасан зор. 
Шығармашылық тұлғаның барша тұлғалық қасиеттерімен ете- 
не қабысып, олардың қандай да бір тарапымен шектелмейді. 
Жасампаздықтың психологиялық сипаты оны барша өмір сала- 
сында: жаңалық табуда, ғылым мен эдебиетте, көркем өнерде 
көрінеді. Шығармашылық үдерістегі қиял шарықтауы адамның 
біліміне, қабілетіне келіп, • мақсаттары мен көңіл-күйіне бай-


ланысты болады. Іс-эрекеттің қалаған түріндегі шығармашыл 
қиялдың маңыздылығы жоқтан барды шығару емес, эңгіме — 
қарапайым, еленбес бөлшектерден қүралған дүниені өзгертіп, 
жаңалауда. Көп жыл патенттік бюрода істеп, кейін ұлы ғалым 
болған А. Эйнштейн: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет