Психология



Pdf көрінісі
бет186/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   322
идеалист философтар
ойлауды адам рухының айрықша, қарапайым бөлшектерге жік- 
телмейтін үдеріс формасы деп таныды. Біздің заманымызда 
ойлауды рухтың рэміздік белсенділігінің көрінісі ретінде тану 
неоканттық философияға негіз болып отыр. Ойлау — психи- 
калық іс-эрекеттің ерекше түрі деп психологияда алғашқы жа- 
рия еткен 
Вюрцбургтық 
ғылыми мектеп болды. Бұл бағытта 
өз түжырымдарын эксперименталды дэлелдеуге ұмтылған XX 
ғасыр басындағы неміс психологтары 
(О. Кюлье, 
А. 
Мессер,


К. Бюлер, Н. 
Ах) ойлауды одан эрі бѳлшектенбес сана қызметі 
деп білді; оны сезімдік негіз бен сѳздік ѳрнектен бѳлектеді, оны 
таза рухқа теліп, бұл мэселеде идеалистік тарапқа қолдау берді.
Сонымен ойлаудың ғылыми шешімі табылмай, бұл жөнін- 
дегі мэселе тығырыққа тірелді. Енді жантану ғылымы алдында 
бұл құбылысты 
материалистік 
түрғыдан түсіндіруден басқа жол 
қалмады. Мұндай түсініктің мэні келесідей еді: ойлау — өз 
тамыры мен тарихына ие, заттасқан іс-әрекет формаларьн 
сипаттайтын тарихи қалыптасқан қүрал-жабдықтарға сүйенеді 
және тілдік жүйені негізгі қару ретінде пайдаланады. Бұл 
міндеттерді атқару үшін шынайы ғылым ойлауды «рух көріні- 
сіне» тендестірмей, оны қоғамдық тарих желісінде калыгітасып, 
алғашқыда затпен тікелей байланысқан эрекет ретінде оры- 
ндалатын, мэндік байланысқан жэне арақатынастағы тіл жүйе- 
сін пайдаланатын үдеріс, ал кейін ішкі «ақыл-ой қызметіне» 
айналып, қысқартылган формата келетін сана эрекеті деп та- 
нуы қажет болды.
Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға Караганда, 
сөйлеу мен тіл әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы 
формасы — 
сөзді-логикалы 
ой. Тек қана осы ой формасында 
адам тілдік таңбаларды (коды) қолданумен күрделі байланыс- 
тар мен қатынастарды бейнелейді, түсініктер қалыптастырып, 
қорытынды жасаумен күрделі теориялық мэселелерді шешеді. 
Адамның ойлау қызметі, қандай да формада орындалмасын, 
тіл қатысынсыз жүзеге келмейді. Ойлау үдерісі жануарларға да 
тэн, бірақ олардың ой жүйесі көрнекілікке құрьшып, белгілі 
мезетте көз алдында түрған нақты заттармен ғана байланысты. 
Ал адам өз ойы арқылы танылуы тиіс объективная тікелей 
байланысын үзіп, оның қасиеттері мен сипаттарын тілдік бел- 
гілермен өрнектеп, тындаушыға жеткізе алады. Сонымен, ғы- 
лыми психология үшін сөз тек ортақтасу қажетін орындап қана 
қоймастан, негізгі ойлау құралы да болып есептеледі.
Бірақ ойлау мен сөздің ажыралмас байланысынан ой мен 
сөзді бір нәрсе екен деп қарастырута болмайды. Екеуінің төл 
табиғаты эрқандай. Мұның дэлелі: бір ойды әрқилы сөзбен 
өрнектеуіміз; қысылтаянда білдірейін деген ойымызды жеткі- 
зуге сөз таба алмай күйзелуіміз; кейде көп сөйлеп, бірде-бір 
ойды жеткізе алмауымыз, т. с. с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет