ріне бірі ықпал жасауымен қоғамға, еңбекке,
адамдарға, өзінің
сапа-қасиеттеріне деген қөзқарастарында, элеуметтік ұстаным-
дары мен өзге де қатынастарында ортақтастық қалыптас-
тырады. Нәтижеде, топта тұлға белгілі беделге көтеріліп, нак-
ты лауазым иелейді,
орынды қызмет атқарып, соған сай билік
жүргізе біледі.
Тұлға қоғамдық қатынастардың нысаны ғана болмай, олар-
дың субъекті де, яғни белсенді тетігі. Адамдармен қарым-
қатынастарға түсе отырып, тұлға тарихты жасайды,
бірақ оның
жасампаздығы ырықсыз емес, қажеттікке сәйкес, шынайы
қоғамдық қатынастар зандылықтарына орай, дәйекті келеді.
Алайда, қоғамдық қажеттілік тұлғаның өзіндік келбетін, оның
қоғам алдындағы өз эрекет-қылығына болған жауапкершілігін
жоққа шығармайды.
Тұлға-белсенді де саналы тек өкілі. Ол
қандай өмір салтын
ұстанады: қысым көрсетуші талабына көнеді, не эділетсіздікке
қарсы күреске шығады, қажет тапса, өз өмірін қоғам үшін кия-
ды не кара басының мүдцесімен тіршілігін қамсыздандырады.
Аталған ерекшеліктермен тұлға элеуметтік жэне психоло-
гиялық зерттеулер нысаны болып есептеледі.
Психология көптеген жаратылыстану жэне қоғамтану ғы-
лымдар қатарында адамды, тұлғаны зерттейді,
бірақ олардың
жеке өздеріне тэн ерекше қырлары мен сырларын бөле қа-
растырады.
Бұл орайда психология
түлга
терминімен бірқатар
адам,
тек өкілі
(индивид) жэне
«даральщ»
түсініктерін пайдала-
нады. Бұл ұғымдардын бэрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен
олар өзара кіріге байланысқан.
Аса жалпыланған, бірігімді түсі-
нік — бұл
адам.
Адам
—
өмірдің ең жогары даму сатысын, цогамдъщ еңбек
үдерісінің өнімін, табигилъщ пен әлеуметтіктің ажыралмас
бірлігін танытушы тіршілік иесі.
Әлеуметтік-тайпалық мэнге ие
болуымен бірге, эрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туын-
дысы, тек өкілі.
Тек өкілі
—
бұл homosapeins (саналы адам) ретінде нацты
адам, дамудың адамдық алгы шарттарын (нышандарын) бойы-
на сіңірген жаратылыс туындысы.