раптан — нәтижесіз қалмау үшін талаптарды жещлдету — өзара
қайшылығы пайда болады. Әрекет нәтижелі болып шықса, адам
алдына қоятын талаптарын, әдетте, көтере түсіп, келесі,
күрделірек мәселелерді шешуге кіріседі, ал кері жағдайда —
оңайлау талаптарға ауысады. Адамның өз алдына қоятын
талаптың дэлдігі іс-әрекетінің нақтылығына байланысты. Адам
табиғаты, әдетте, өз қадірін белгілі деңгейде сақтап жүру үшін
өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті де күр-
делі, сонымен бірге, әбден жеңіл де болмағанын қалайды. Та-
лаптар деңгейінің белгілі бір қалыпқа түсуі іс-эрекеттің та-
бысты не нәтижесіз болуын күні бұрын сезуден емес, керісінше,
өткен төжірибедегі жетістіктер мен құлдырауларды ескере білу
мен оларға оңды, объектив баға берілуден.
Тұлға талаптар деңгейінің әрекетшеңдігі мен мазмұндық си-
патын жете танумен тұлғаның іс-эрекет, мінез-қылықтарының
сеп-түрткілерін терендей білуге жэне сол арқылы адамда ұнам-
ды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып, оған
нәтижелі ықпал жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: