әрекетін эрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздес-
тіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша,
бітпеген іс адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер
істі орындаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болған
баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан, мұндай психологиялык
қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы орайластырылған
формасы деп түсінсе де болады.
Қорғаныс механизімдері табысқа жетудің қалыпты шарттары
мүмкін болмаған кезде немесе адам істің түбегейлі бітпейтінін
сезген кезде әрекетке келеді. Психологиялық қорғаныстардың
түрлері келесідей: жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сәйкес-
тендіру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулау жэне т. б.
Достарыңызбен бөлісу: