Психология


Э кстраверсия, интраверсия



Pdf көрінісі
бет296/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   322
Э кстраверсия, интраверсия 
— адамның жауап әрекеті мен 
іс қимылына себепші жағдайлар — нақты мезеттегі сыртқы се- 
зімдер (экстраверт) немесе өткен мен болашаққа байланысты 
санадағы бейне, елее пен ойлар (интроверт).
С езім дік қ ы збал ы қ
(эмоциональная возбудимость) — эмо- 
ционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі эсердің шамасы 
мен оның туындау жылдамдығы.
Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психология- 
сында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт 
типінің сипаттамасы төмендегіше:
С ангвиник. 
Жоғары дэрежелі эрекетшең адам, дегенмен, бұл 
эрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі 
тепе-тең. Назарын тартқанның бэріне араласа кетеді, ым-иша- 
расы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен 
қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мүңаяды. 
Бет-жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы 
білініп түрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол онша- 
ма әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елендей бермейді. 
Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен 
қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ 
уақыт талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін 
таңдаған нысанына тез шоғырландырады, тэртіпті, қажет болса, 
өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тыйым бере 
алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қар- 
қыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері 
өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангви­
ник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа 
талаптар мен 
жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса 
алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағыларды қабылдауға 
шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжасты-


руда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып 
қоймай, көбірек сыртқы эсерлерді бақылауға, бағамдауға бейім, 
экстраверт.
Х олерик. 
Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әре- 
кетшең жэне белсенді. Бірақ холериктің эрекетшендігі белсен- 
діліктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. 
Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан — 
ниеттері мен қызығулары тұрактылау, табанды, зейінін ауыс- 
тыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан — 
толық экстраверт.
Ф легм атик 
— әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шар- 
пулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, 
төңіректің бэрі күлкіден жығылып жатқанда, ол міз бақпас. Қай 
жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. 
Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға 
икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Со­
лай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. 
Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдар- 
мен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені 
ішінде — интраверт.
М еланхолик. 
Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. 
Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай 
эсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, 
дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үр- 
кек, болмашы қиындықган шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, 
тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні түрақсыз, оның барша 
психикалық үдерістері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өзде- 
рінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені 
көп — толық интраверт.
Әр адамның темперамент типі туа екендігі қалтқысыз дә- 
лелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің 
ұйымдасу мәселесі — элі ғылыми шешімін таппаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет