табиғи кұбылыс. Дегенмен,
темперамент айырмашылықта-
рындағы басты қасиет — олардың психикалық мүмкіндіктер
деңгейінде емес, өзіндік іске асу көріністерінде.
Егер іс-эрекет қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже
мен темперамент арасында ешқандай тәуелді байланыс болмай-
ды. Бұл ғылыми дәлелденген. Сонымен, тұлғаның қалыпты
жағдайдағы әрекет нэтижесі оның шапшаң не енжар екендігіне
қарамай, бірдей өлшемде болады, себебі соңғы өнім нэтижесі
басқа жағдаяттарға, әсіресе сеп-түрткілер
мен қабілет деңгейіне
байланысты келеді. Темперамент ерекшеліктері сол эрекетті
орындау тәсілдерін өзгертуге ықпал жасауы мүмкін.
Темпераметіне қарай адамдар соңғы нэтиже емес, сол нэти-
жеге жету жолдарын тандауымен ажыралады. Темпераменттің
тума ерекшеліктері тәжірибе, элеуметтік ортаға жэне өз басын
билей алуға байланысты психикалық үдерістерде
көрініс бе-
реді. Жағдайға орай жауап-эрекет (реакция), бір жағынан жүй-
ке жүйесінің сипатына, екінші тараптан — оқу-үйретім, тәрбие
мен кәсіби тэжірибеге тэуелді (Р.М. Грановская). Мысалы,
тәжірибелі үшқыштың, боксшының, жүргізушінің әрекет шап-
шандығы туа берілген қасиет емес, жаттығу мен үйренудің
нэтижесі. Ал сол әрекеттердің іске асу шегі жүйке жүйесінің
мүмкіндіктерімен анықталады.
Көптеген кэсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбей-
ді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбы-
раны эркім де тартуы мүмкін, ал шебер күші болу — кемде-
кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кэ
сіби тандаумен
бір кәсіби бағдарлы тәрбие, эбден қажет. Пси-
хологиялық ерекшеліктеріне негізделген, кэсіби мамандан-
дырылған тұлғалар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор та-
быстарға жете алады.
Адам іс-әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент
ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, қызмет нысанда-
ры тез ауысатын, жаңа адамдармен ортақтасу қажеттігі көп жер-
де, бір өмір қалпынан екіншісіне көшу керек болған жағдай-
ларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер
эрекетте сылбыр, енжар көрінгенімен, жай, бірқалыпты, түрақты
бір тәртіппен орындалатын қызметтерде өте тиімді келеді.
Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым істерде меланхолик
шыдамдылық көрсете алады. Мұндайда
олар басқаларға кара-
ганда онша шаршап-шалдықпайды, көп қайталанған әрекеттен
олар жалықпайды. Ал қызмет бабы мен әдістері шектелген, ер-
кін қимылға мүмкіндік жоқ жерде — сангвиник пен холерик
типті де шыдамайды.
Оқу-үйретім мен тәрбиені оңтайластыру мен олардың
тиімділігін көтеру жолында эрбір педагог өз шэкіртінің темпе
рамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап алғаны жөн. Осы
тұрғыдан ұстаз-педагогтарға кеңес: холериктің оқу-үйренім
істерін мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс. Бұл типті
шэкірттермен
қатты сөзбен, жекіріп қатынас жасауға тіпті бол-
майды. Мұндай қатынасқа сай келеңсіз жауап эрекет болуы сө-
зсіз. Сонымен бірге оның қай кылығы болмасын орынды талап-
пен, эділ бағалануы тиіс. Сангвиниктерді үздіксіз жаңа,
қызғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш жүмсауды талап еткен
істерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсенді іс-әрекетке
араластырып, мақтауын үзбей жеткізіп тұру қажет.
Флегматик қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жүрт наза-
рында болғанды ұнатады. Оны бір істен екіншісіне ауыстыра
бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз,
тұрпайы қатынас қана емес, тіпті жай дауыс көтеру, эзіл-оспақ-
тың өзі орынсыз. Онымен жіберген
қате-кемшіліктері жөнінде
оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп, әрқандай іс-
әрекетте көрсеткен белсенділік ұшқыны үшін де мезетінде
мақтап, қошеметтеп бару керек. Ескертулер мен ұнамсыз баганы
мүмкіндігінше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Ме
ланхолик — өте сезімтал,
өкпешіл тұлға, сондықтан оған ле
генде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре, қатынасу керек.
Сонымен, адамның қай мазмүнда болмасын өз іс-әрекетін
жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темпера
мент психикалық үдерістердің желісінде көріне отырып, еске
түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді,
ой жүйріктігі мен зейін түрақтылығын жэне оньщ ауыспалы-
лығын айқындап береді.
зю