Психология



Pdf көрінісі
бет34/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   322
гума-
нистік психология.
Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына 
қойған мақсаты — бихевиоризм мен психоанализді дәріптеу- 
шілердін адам мэселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп,
176-3


шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. 
Өз зерттеулерінің объективі ретінде гуманист-психологгар 
салауатты, 
шыгармашыл түлга
түсінігін таңдады. Мүндай 
міндетті бұл уақытқа дейін ешбір психологиялық ғылыми мек- 
теп өз мойнына артқан емес еді. Бұлар талдауындағы тұлғаның 
мақсаты — 
өзін-өзі кемелдендіру
жэне мүмкіндіктерін өз қүші- 
мен жоя білу.
Гуманистік бағыттың көрнекті өкілдерінің бірі 
Абраха-ам
Маслоу
еді. Ол 
түлга психологиясын
есі ауысқандарды зерт- 
теумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслоу адам іс- 
эрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның 
өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта- 
ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуга (само­
актуализация) деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. 
Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік — адамдарға, қо- 
ғамға тек жақсылық келтіруге үмтылу (адам табиғатынан 
қайырымды). Ч. Дарвин теориясын өзінше түсіндірген Маслоу, 
тек жыртқыш та күшті хайуанаттар ғана өмір сүруге бейімді 
деген Ч. Дарвиннің үйғарымымен келіспей, бұл жануардың 
негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты: тоқ арыстан 
көрінгенге тап бермейді. Оның жырқыштығы икемденудің 
амалсыз қүралы. Маслоу жануардағы өз ұрпагын жалғастыруға 
деген инстинкт адамдағыдан бірде кем еместігін, ал сол 
инстинкт оларды бір-біріне кѳмектесуге мэжбүрлейтінін талай 
баса айтқан.
Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни 
адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен 
пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары тұлғалық борыштарды 
атқаруға міңдетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, 
Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды. Есі 
кеткендер мен жүйке сырқатына шалдыққандар өз алдына 
мұндай талап қоя алмайды. Сырқаттың өзі де адамның осы өз 
мүмкіншіліктерінен дүрыс та толық пайдалана алмай, қанағат" 
тану ра-хатына бөленбегенінен болып отыр — деген пікірді алға 
тартады.
Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз 
бойында алғашқыдан қаланған, қолдан келетінінің бэрін жү- 
зеге асыруы тиіс. Егер онда кімкентайдан актерлік байқалса —


ол актер болуға ұмтылуы тиіс, ойлау қабілеті дамыған болса 
— ғалым болуға тырысуы кажет. Егер адам осыны істемесе, 
өмір жағдайлары бұған кедергі жасайтын болса, «болуы тиіс 
еді, неге болмады?» оның шешімін таппай, өз бойы мен ойын- 
дағы бітпес дау-дамайға тап болып, жүйке сырқатына кезігеді.
Өз мүмкіншілігін ашудың (самоактуализация) мэні не? 
Маслоу пікірінше, бұл — тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. 
Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген 
қажетсінумен дүниеге келеді. Бүлардың бэрі адам өзегінде, 
оның міндеті осы гуманистік қажеттерді іске асыруда белсен- 
ділік корсету. Осы идеясымен Маслоу фрейдистер көзқарасына 
тікелей қарсы шықты (Фрейд адамның элеуметтенуін оның 
негізгі инстинкттеріне шек қою деп білді).
Маслоу бірінен-біріне күрделене ауысып отыратын адам 
қажеттіктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1) физиологиялық қажет- 
тіктер, 2) корганыс кажеттіктері, 3) қорек-тагамдық кажеттік- 
тер; осылардың бэрінен жоғары — адамгершілік (гуманоидтық) 
қажетсінулер, яғни 4) шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек 
ету. Міне, осылардың бэрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділі- 
гімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы 
қажеттіліктердің мазмүнын қүрайды. Қажеттіліктерге орай 
Маслоудың осы түжырымының біз үшін аса қызықты тарапы: 
өзіндік кемелдену адамга тума дарығанына қарамастан, 
алдыңғы үш топ қажеттіктер орындалған жағдайда ғана шын 
мәніндегі өз көрінісін береді. Дұрыс тұжырым, алайда Маслоу 
тағылымының кемшілігі де осы пікірде: егер кей адамдардың 
алғы үш топ қажеттікгерге орай канағаттануы болмаса, онда 
эділдік, өз қадірін білу, сыйластық құсаған гуманистік қажет- 
тіктер қалай қалыптасады? Бұл жағы Маслоу теориясында 
жұмбақ. Маслоу антропологиялық бағдар шырмауынан шыға 
алмай, қажеттіктердің элеуметтік қорына мэн бермеді.
Маслоу теориясының басты кемшілігі — оның биологизатор- 
лық (адам болмысы — табиғаттан) пікірден аса алмағандығында. 
Әлбетте, біздің қайырымды, игілікті болып дүниеге келеті- 
німіз, жаман болу біздің еркімізде еместігі — әрқайсысымыз- 
дың да көңілімізге қонымды. Бірақ инабаттылық қасиеттері 
табиғаттан берілмейтіндігін мойындаған жөн: қайырымды


болып та туылатын адам жок, жатырынан жауыз болатын да 
пенде эзірге кѳргеніміз жоқ. Бұлардың, бэрі өмір барысында 
калыптасады. Адамгершілік, этикалық қасиеттерді тума кұ- 
былыс деп тану-биологиязациялық дағдарысқа тірелудің басы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет