Психология



Pdf көрінісі
бет30/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   322
Генетикалык психология. 
Швейцария ғалымы 
Ж. Пиаженің
генетикалық психология теориясы — психология ғылымының 
кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала 
отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық бол­
мысты тануда жетекші эдіснамалық қагидат дэрежесіне көтерді.
Өз зерттеулеріңде ғалым бала ақыл-есінің (интеллект) қа- 
лыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы 
зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, 
сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін 
білуге болады деп пайымдады.
Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің күрылымын 
зерттеу еді. Осы қүрылымды ол қарапайым органикалық тір- 
шіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нэтижесі деп 
білді, яғни интеллектілік күрделі ақыл-естің жай психикалық 
элементтерден қүралатынын дәлелдемекші болды.


Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі — баланың біртұтас 
дамуын ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын интеллекттің 
өзінен іздеді, ал сананы дамытушы жағдайлар арасында ол қо- 
ғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.
Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі 
ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде бола- 
тынын дэлелдеп бақты. Ой кабілеті өзінен-өзі кемелденбей- 
тінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол тұлғаның адамгершілік 
қасиеті қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан- 
жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін көре білмеді,
Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы — 
кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде 
тәлім-тәрбиенің маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік- 
қоғамдық жағдайдың тұлға қалыптасуындағы мэні жоққа 
шығарылды.
Фрейдизм негізін австриялык психолог 
3. Фрейд
қалаған, 
тұлғаның жан төркінін, дамуын иррационализм (саналы дәлелі 
жоқ) мен мистика (тылсым күпия) сияқты психикалық 
болмыстарды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлел- 
деуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есі ауысу 
сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының 
табиғатын тусіндіруге багытталган бүл ілім кейін адам жөнін- 
дегі жалпы тағлимат дәрежесіне ұсынылды. Фрейдизм ілімінің 
негізгі сарыны: адам табиғаты астарсанадағы психикалық күш- 
тер (олардың ішіндегі ең бастысы — 
либидо
(жыныстық қүмар- 
лық) мен сол адамға 
жау әлеуметтік ортада
тіршілік сақтау 
қажеттігі арасындағы мэңгі өшпес келіспестік пен арпалыста 
дамиды, қалыптасады.
Қоғам өзінің шектеулерімен адамды күйзеліске түсіреді, оның 
санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сон- 
дықтан бұл көңіл шарпулары (аффект) жэне сезім көріністері 
(эмоция) айналма жолдармен невротикалык белгілер түрінде 
жарыққа шығады (түс көру; қате, жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, 
бірақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған 
оспақ эзіл, т,б,). Осыдан 3. Фрейд адам іс-эрекетінің бэрі объек- 
тиви болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның 
өзі сезе бермейтін астарсанадағы ықпалдар (сеп-түрткі) же-


тегінде жүреді деген тұжырымды бетке үстайды. Санада ешқан- 
дай күш жоқ, яғни ағза мен қоғам адамның саналы күтілмеген 
көңіл шарпуларының илеміндегі қамыр. Фрейдизм, ақырында, 
адам қылығы қоғамдық даму заңдарына бағынбай, иррационал 
психикалық күштер ықпалында болуын дәріптеуінен, адам 
эрекетінің бэрі агрессив, оны тәрбиемен өзгерту мүмкін емес 
деген реакциялық идеяның арқауына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет