Ассимиляция жэне
диссимиляция деп аталған бұл екі үде-
ріс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі
ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.
Бұл өте күрделі ақуызды молекулалар,
концерваттар пай-
далы қоректер мен оларды қорытуға немесе өміріне қауіп туғы-
затын не зиянды әсерлерге жауап бергізетін ерекше қасиеттерге
ие. Мысалы, мүндай молекулалар тек қоректік заттарға ғана
емес, сол заттарды қорытуға себін тигізетін жарық пен жылуға
да ұнамды әрекетпен жауап береді. Ал шектен артық — меха-
никалық не химиялық — қалыпты жасауына кедергі болатын
әсерлерге қарсьшық білдіреді. Зат алмасу үдерісіне қатысы жоқ,
бейтарап әсерді тіпті елемейді.
Концерваттардың инциферент (қатысы жоқ) әсерлерді еле-
мей, зат алмасу үдерісіне себепші эсерлерді сезу қасиеті
тітіркену деп аталады, ал бұл тітіркену қүбылысы органикалық
емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында көрінеді.
Бұдан шығатын қорытынды: эрқандай тірі