леуге өтіп, нысандардың астарына үңіле көз жіберіп, тысқы
бейне формасын ғана емес, терендегі заңдылықтарын тануға
ұмтылады да соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт тандайды.
3) Жануар әрекет-қылықтары биологиялық байланыспен бірге,
туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық-
тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру-үйре-
ну негізінде қалыптасып, олар оқу-үйретім арқылы ұрпаққа
жеткізіледі. Яғни адам иелігіндегі эрекет-қылық тәсілдері оның
оз тэжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи-қоғамдық
іс-эрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар бол-
мысында тіпті де болуы мүмкін емес.
Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы эре-
кетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметік-тарихи
сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек
құралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік қатынастың
пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: