Психология



Pdf көрінісі
бет46/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   322
3.3. Жануарлардың дагдысы
Жануарлардың қүрылықты өмір салтына өтуімен тіршілік 
жағдайлары да өте үлкен өзгеріске түсті, қоректену қиындады, 
орта кұбылмалы, осыдан ұдайы ауыспалы табиғат аймағында 
бағыт — бағдар алып жүру күрделенді. Сонымен бірге ұрпак 
жалғастыру типі де басқаша бодцы. Эр жануар түрі енді 1-2, 
кейде 3-5 ұрпак дүниеге келтіріп, солардың арасынан тірі 
қалғандары жануар түрі жалғасының негізі болды. Мүнын бэрі 
тума, көп өзгеріске келе бермейтін инстинктік қылықтармен 
қатар жаңа 
жеке ауыспалы нсмесе дагдылы
әрекет фор- 
маларының туындауын қажет етті. Бұл қылық түрінің ны- 
шандары жэндіктерде де бар, бірақ тіршілік даму эволюциясы- 
ның бұдан былайға жүрісінде олар бірте-бірте басымдау орын 
иелене бастады.
Қоршаған ортада бағыт-бағдар таңдауды (ориентировка) 
күрделендіру қажеттігі, ауыспалы орта жағдайында жаңа жеке 
бағыт-бағдар тандау мүмкіндіктерінің пайда болуы мен өзгер- 
ген жағдайларда жаңа дара икемделу қабілеттерінің орнығуы 
эволюциялық үдерісте бүрын тіпті болмаған жаңа жүйке тетік- 
терінің өркендеуіне келтірді. Бұл тетіктер енді сырттан сиг- 
налдарды қабылдап, өңдеп, дайын инстинкттік эрекетті іске 
қосып қоймастан, қабылданған ақпараттарды талдаудан өткізіп, 
өзгерген жағдайда қажетті жаңа жеке ауыспалы, дағдылы 
қылыққа орай жүйке байланыстарын түзіп отыратын болды.


Бұл кұрылым эволюциялық ұзақ жолды бейнелейтін тетік — 
бас миы
еді. Жануарлардын бас миы бірнеше қабат деңгейден 
тұрады. Ең төменгі қабат ми діңіне орналасып, жүйке түйіндері 
(ганглий) формасында ағзаның ішкі қалпын реттейді. Бұл жүйке 
формасы негізінен ең қарапайым тіршілік иелерінде ғана қа- 
лыптасып, туа, жай әрекеттерді басқарады, ал оның қасиеттік 
дәрежесі инстинкттік бағдар деңгейінің қызметінен ажыралуы 
шамалы, тіпті жоқ десе де болады. Мұндай түйіндік (ганглиозды) 
жүйке кұрылымының мысалына бақа миі дэлел бола алады: ол 
қалыптасқан (инстинкт) әрекеттерді іске қосумен, тұрақты қылық 
(дағды) формаларын бағдарлайды.
Жануарлардың жоғары ағзалық дамуына орай ганглиозды 
аппарат үстіне күрделірек жүйке құрылымы жайгасады. Бұл 
қүрылым ішіне алдымен ми қабыгы асты жүйке түйіндері (та- 
ламостриалды), соң ежелгі (лимбикалық) қабық кіреді, ал жо- 
ғары омыртқалыларда қарқынмен дамып, төменгі дәрежелі жүй- 
ке қүрылымдарына жетекшілік ететін 
мидың үлкен жарым
шарлары
пайда болды. Ми кабыгы асты (подкорка) жүйке 
тетіктері жербауырлаушылар мен құстарда басымдау болып, 
кейін жеке, өзгерістерге икемді қылықтарды қамтамасыз ететін, 
бірақ әлі де болса әрекеттің қарапайым тума формаларымен 
байланысты ежелгі қабық апараттары дамыды. Олардың бэрі 
бұрынғыша жануарлардың өмірге келуімен қабаттаса туындап, 
тіршілік иесінің тұрақты биологиялық жасау жағдайларына 
(экологиясына) сөйкес келді.
Эволюциялық дамудың белгілі кезеңінде аталған барша жүй- 
ке тетіктерінің жоғарысына, үлкен жарым шарлары жүйке 
жүйесінің келесі, ең жоғарғы деңгейі — 
басмиінің жаңа цабыгы
қосылды. Міне, осы мидағы бүрыш болмаған қабық жануар 
қылығындағы жаңа формаларды реттеуге араласып, жетекші 
мэн атқаратын болды. Бас миы қабығының қызметі: сыртқы 
сигналдарды қабылдап, бұрыннан қалыптасқан әрекет бағдар- 
ламасын іске қосу, сонымен бірге ақпарат мазмұнын талдау, 
ондағы өзгерістерге сай өзін баптау, жаңа жүйке байланыста- 
рын түзіп, ауысқан жағдайға икемді әрекет түрлерін дайындап, 
қалыптастыру жэне оларды жадта сақтап қалу.
Ең жоғары омыртқалылар эволюциясының біздің заманы- 
мызға жақын дэуірлерінде күшті дамыған бас миының үлкен


жарым шарларының қабығы экологиялық жағдайлардың тікелей 
эсері астында қалыптасты. Дэл осы шарт ми қабығын тысқы 
ортадан келіп түсетін ақпаратты талдау мен бірігімге келтірудің 
өте күрделі формаларын қамтамасыз ететін жэне тікелей 
ауыспалы қылықты реттеуші тетікке айналдырды. Бас миы 
қабығының жәрдемімен іске қосылатын жеке ауыспалы қылық 
инстинкттік қылық тетігіне қарағанда анағұрлым күрделі. Ол 
күрделіліктің мэні: қоршаған орта шартына байланысты 
жануардың белсенді бағдар таңдауы нәтижесінде мэнді маңызға 
ие болып, өмірлік қажетті шарттардың пайда болуынан хабар 
еткен көп себептердің бірі (қорек, қатер) қоршаған ортадан 
жануар тарапынан бөліп алынып, ол жаңа байланыстар түзуге 
қатысып, хайуанның көздеген «мақсатына» жетуге, тэніп келе 
жатқан қатерден сақтануға көмектесетін әрекет-қылықтың жаңа 
бағдарламаларын туындатты. Жануардың «мақсатқа» жету бағ- 
дарындағы мұндай едәуір қордалы қылық-әрекетті кездейсоқ 
демей, оның мың-сан шартты табиғат аясында белсенді бағыт- 
бағдар таңдай алуының нәтижесі деп таныған жөн. Бұл тұжы- 
рым экспериментті зерттеулерден келіп шыққан (Э. Толмен, 
К. Керч ж. т. б.).
Омыртқалылар эрекетіндегі мұндай икемдесудің жаңа фор- 
маларының қалыптасуы екі ерекшелікке байланысты. Біріншісі 
— бағыт-бағдар тандау немесе іздену белсенді қозғалыспен 
біртұтас орыңдалады да, қажет болған қозғалыс түрін пайда- 
лану сынама-байқау әрекеттерінің алдында емес, аппаратпен 
бірге қалыптасады; екіншісі — жануардың бағдарлау эрекеттері- 
нің сипаты мен қалыптасқан жаңа қылықтарының формалары 
бұрыннан келе жатқан, жануар тіршілігіне тығыз байланысты 
тума қозғалыс түрлеріне түбегейлі тәуелді. Мысалы, шөпқоректі 
жануарлардың (сиыр, қой) бағдар тандау эрекеті енжар, шектел- 
ген халде, қьшық өзгерісі өте баяу. Керісінше, өз жемін табиғи 
жағдайда жанталаса іздеуге бейімделген жабайы андардың ба- 
ғыт-бағдар іріктеу эрекеті шалт, белсенді ізденіске негізделген
ауыспалы жағдайға сэйкес қылықтың жаңа түрлері едәуір 
жылдам қалыптасып отырады.
Тума қылық-әрекеттердің түрлері — инстинкттер мен жаңа 
қалыптасқан дағдылы әрекет формаларының арасындағы ты- 
ғыз байланыс қазіргі кезең дамуындағы ең жоғары омыртқалы- 
лар үшін де тэн нәрсе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет