Сұрақ: Осы жайттардың мән-жайын қалай түсіндіресіз?
23. Қ.Жұмасова «Психология» 41 беттегі практикалық тапсырмаларды орындау
1-тапсырма:
Егер араны қорапқа салып, ұясынан 20-30км қашықтыққа алып кетсе, ол жолды көрмесе де өз ұясына қайтып ұшып келеді. Бұл араның қандай қасиеті.
2-тапсырма:
Қазіргі кезде адам тектес маймылдың төрт түрі бар. Сол маймылдардың аттарын атаңыз және олар дүние жүзінің қай бөліктерінде кездеседі?
3-тапсырма:
Егер адам тектес маймылға айна берсе, онда ол айнадағы өз бейнесін танымай, сол бейнеге ұмтылып, айнаны сындыратын болған. Не себептен маймыл айнаны сындырады? Адам мен маймыл арасында қандай айырмашылықтар бар?
24. Қ. Жұмасова «Психология» оқулығы 161 беттегі 1-3 тапсырманы орындау
1-тапсырма:
Мына мысалдардан түйсінудің қандай заңдылықтарын аңғаруға болады?
А) ұзақ уақыт бойы әсер еткен жағымсыз иісті сезу тоқталады?
Ә) қолды суық суға батырып тітіркендірген соң 30 С температураға көтерсек, ол қалыпты жағдайдағы адам температурасынан төмен болса да, жылы сезіледі;
Б) тәтті дәмнің әсерінен адамның қызғылт сары түсті ажырату түйсігі төмендейді.
3-тапсырма:
Мына келтірілген мысалдарда сезгіштік қабілеті қандай себептерге байланысты болатынын анықтаңыз.
А) арнайы мамандық иесі 2-3 түсті ғана ажыратса, қара мата өндіріп мамандаған тоқымашы қара түстің 40-тан аса түрін ажырата алады.
Ә) муызкамен үнемі шұғылданатын адамдардың сан алуан дыбысты ажыратқыш, аса сезгіш келетіндігінің себебі неліктен?
Б) дегустаторлардың дәм түйсінуі ерекше жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |