Психологиядан емтихан сұрақтары Психология пәні, міндеттері, психологияның салалары
Психикалық құбылыстардың жіктелуі: психикалық процестер, күйлер және қасиеттер.
Психологияның ғылыми зерттеу әдістерінің түрлері және оларға сипаттама.
Психика мен сананың пайда болуы және дамуы. Сананың дамып жетілуіне еңбек пен сөйлеудің рөлі.
Жоғары жүйке жүйесінің қызметі. Ми қабығындағы жүйке процестері.
Мидың рефлекторлық қызметі. Бірінші және екінші сигнал жүйелері.
Жануарлар психикасының негізгі түрлері: инстинкт, дағды, интеллектуалды мінез-құлық.
Жеке адам туралы жалпы түсінік. Жеке адамның өмірлік бағытын көрсететін компоненттер: қажеттілік, мотив, қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат.
Іс-әрекет туралы жалпы ұғым. Іс-әрекеттің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек.
Қарым-қатынастың тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы рөлі
Қарым-қатынас туралы түсінік, қызметі және түрлері.
Зейін туралы түсінік. Зейіннің физиологиялық негізі. Зейіннің түрлері және оларға сипаттама.
Зейін қасиеттері және оларға сипаттама
Түйсік туралы жалпы ұғым, физиологиялық негізі және түрлері .
Түйсіктің жалпы заңдылықтары. Түйсіктердің адам өміріндегі алатын орны.
Қабылдау туралы түсінік. Қабылдаудың физиологиялық негізі.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері және оларға сипаттама.
Кеңістік пен уақытты қабылдау.
Ес туралы жалпы ұғым, естің физиологиялық негізі.
Естің даралық айырмашылықтары. Балалардың есін дамыту.
Ес процестері және оларға анықтама. Естің түрлері. Ес процесінің адам өмірінде алатын орны.
Ұмыту және оның түрлері
Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың физиологиялық негізі, ой тәсілдері.
Ойлау формалары. Балалардың ойлауын дамыту.
Сөйлеу туралы жалпы ұғым, сөйлеудің түрлері(ішкі және сыртқы, ауызша және жазбаша).
Сөйлеу арқылы жүргізілетін әдістер: анкета және интервью. Тестерді қолдану мен оны ғылыми тұрғыдан қорытындылау.
Балалар сөйлеуінің дамуы мен қалыптасуы
Қиял туралы жалпы ұғым. Қиялдың физиологиялық негізі, түрлері. Қиялдың дара айырмашылықтары, қиялдың адам өміріндегі алатын орны, бала қиялын дамыту жолдары.
Қиялдың жасалу тәсілдері (аглютинация, гипербола, схематизация).
Қабілет туралы жалпы ұғым, оның түрлері.
Қабілеттегі қызығу мен бейімділік. Балалардың қабілеттерін дамытудың жолдары.